ШҚО-да шахтер өлімінен кейін өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейі арттырылмақ

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Шемонаиха ауданындағы Артемьев шахтасында болған жазатайым оқиғаға байланысты «Шығыстүстімет» ЖШС мен KAZ Minerals тобының басшылығымен кездесті.

30 мамыр күні кешке кәсіпорында жұмысшы көз жұмған болатын. Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға тау жынысының опырылуы салдарынан болған. Оқиғаның мән-жайы заңнамаға сәйкес анықталып жатыр.

— Кездесу барысында аймақ басшысы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, кәсіпорын мен уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылдың ашық әрі жедел жүргізілуінің маңызын атап өтті. Жиында өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды, — деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.

Нұрымбет Сақтағанов қауіпсіздік техникасы талаптарының қатаң сақталуы, бақылаушы органдар нұсқамаларының уақтылы орындалуы және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдаудың маңыздылығын жеткізді.

— KAZ Minerals компаниясының өкілдері еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіруге дайын екендерін мәлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша ШҚО әкімі өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған қосымша шараларды қарастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеп, оларды салалық министрлікке жолдауды тапсырды, — делінген ақпаратта.

Новые статьи

В Акорде провели экскурсию для школьников со всего Казахстана

В честь Международного дня защиты детей – 1 июня резиденция Президента открыла свои двери для 100 школьников из всех регионов страны. В Акорде побывали...

Как в Казахстане реализуются поручения президента по поддержке детства

Традиционно 1 июня в Казахстане отмечается Международный день защиты детей. Сегодня в стране проживает более 6,9 млн детей и вопросы защиты занимают одно из...

Инвестиции в фармацевтическое производство Казахстана за три года выросли более чем в три раза

Казахстан демонстрирует устойчивый рост инвестиций в фармацевтическую отрасль. Об этом сообщил первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев на заседании коллегии министерства здравоохранения. По данным ведомства, если...

В Казахстане снизилась заболеваемость сахарным диабетом

В Казахстане по итогам первого квартала 2026 года зафиксировано снижение заболеваемости сахарным диабетом. Об этом сообщил первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев на заседании коллегии...