Марқакөл ауданында 8 тонна шөп өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында өрт сөндірушілер 8 тонна шөпке жайылған қызыл жалынды ауыздықтады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Марқакөл ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағында шөп жанған.

— Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің ары қарай таралуына жол берілмеді. Тілсіз жау толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД мамандары шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажеттігін еске салды.

Новые статьи

В ВКО наградили лучших работников региона

В Восточно-Казахстанской области вручили государственные награды людям, чья работа давно стала частью жизни региона – среди награжденных оказались представители культуры, госслужбы, медиа и бизнеса....

ШҚО-да 100-ге жуық адамды кене шақты

Қазіргі таңда кене шаққан 92 адам медициналық мекемеге жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны - 38. Эпидемиологтардың мәліметінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда...

Өскеменде дүкеннің заңсыз ашылуын ұйымдастырған азамат 5 тәулікке қамауға алынды

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде жергілікті атқарушы органдармен келісілмей және қолданыстағы заңнаманы өрескел бұза отырып, аяқ киім дүкенінің ашылуы ұйымдастырылған. Соның...

ШҚО-да ALTAY BUSINESS форумы өтіп жатыр

Облыс орталығында 1500-ден астам кәсіпкерді, сарапшыларды және мемлекеттік орган өкілдерін жинаған ALTAY BUSINESS форумы өтуде. Форумды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ашты. Шара басталар...