ШҚО дәрігерлері жүрекке электронды қүрылғыларды имплантациялау оталарын сәтті жүргізуде

Өмір сүру ұзақтығы өскен сайын электронды құрылғыларды имплантациялаумен емделетін аурулардың ауқымы кеңейе түсуі заңды. Кардиологияда оларға электрокардиостимуляторлар, дефибрилляторлар, жүрек ресинхронизаторлары жатады. Олар кенеттен болатын өлімнің алдын алу үшін, брадикардия, тахикардия және жүрек жеткіліксіздігі сияқты дерттерді емдеу үшін қолданылады. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының дәрігерлері жыл сайын осы бағыттағы технологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруда. Олар МӘМС шеңберінде электронды құрылғыларды имплантациялау оталарын сәтті орындап жүр.

— Заманауи медицинаның жетістіктері жүрек-қан тамырлары ауруларымен, соның ішінде өмірге қауіп төндіретін аритмиямен ауыратын науқастарға көмек көрсету аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл орайда кардиостимуляторларды, дефибрилляторларды-кардиовертерлерді және қайта синхрондау құрылғыларын имплантациялау маңызды рөл атқарады. Жақында біз облысымыздың үш тұрғынына осындай имплантация жасадық, — дейді ШҚ облыстық мамандандырылған медициналық орталығының инновациялық медицина бөлімінің резидент-дәрігері Ғұмар Каденов.

Дәрігердің айтуынша, Алтай ауданының 72 жастағы тұрғыны Надежда Бригаденко ауруханаға жүрек қағысы бұзылып (аритмия),   өміріне үлкен қауіп төнгенде түсіпті.

— Науқасқа имплантацияланған арнайы кардиовертер-дефибриллятор баяу немесе жылдам импульсті ғана емес, сонымен қатар прогрессивті жүрек жеткіліксіздігін де реттейді, — деп түсіндірді мамандар.

Надежда Александровна өмірін сақтап қалған дәрігерлерге өте риза екенін жеткізді.

— Маған деген мейірімділіктері мен қамқорлығы үшін алғысым шексіз! Орталықта нағыз алтын қолды, кәсіби дәрігерлер істейді.  Олар мені отбасыммен, немерелеріммен қауыштырды, өмір сыйлады, — дейді Надежда Александровна толғаныспен.

Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны Нұрлан Тоқсанғалиев та ұзақ жылдар бойы жүрек ауруымен ауырып келеді. Жүрегінің кенеттен тоқтап қалу қаупі бұл кісіде де жоғары болған.

Ғұмар Қаденовтың түсіндіруінше, науқасқа жүрек соғу жиілігін үнемі талдап тұратын кардио-дефибриллятор орнатылды, құрылғы жүрек қағысы күрт төмендеген жағдайда аздаған ток разрядымен жүректі қайта «іске қосады».

Бұл жоғары технологиялық медициналық көмек науқасқа  МӘМС аясында жүргізілгенін айта кеткен жөн. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, бір осындай аппараттың ғана құны  шамамен бес  миллион теңге. Тағы бір науқас, Тарбағатай ауданының 63 жастағы тұрғыны Мәншүк Әділоваға құны сегіз миллион теңгеге жуық кардио-ресенхрондау терапиясы аппараты имплантацияланды.

— Мен дәрігерлерге өте ризамын, МӘМС жүйесі не үшін қажет екенін енді түсіндім. Мен мұндай соманы мен сегіз жыл жинасам да,  жинай алмас едім,— деп бөлісті бізбен сонау Ақжар ауылынан келіп, көмек алған  Мәңгілік Әскербекқызы көзіне жас алып.

Мамандардың айтуынша, жүректі қайта синхрондау терапиясының арқасында созылмалы жүрек аурулары бар науқастардың жағдайлары тұрақты түрде  жақсарады және симптомдары азаяды. Бұл технологиялар  дәрі-дәрмекпен  емдеу тиімді нәтиже көрсетпеген науқастарға қолданылатынын ескерте кеткен жөн.  Қазір ота жасатқан  науқастардың барлығы аман-есен  үйлеріне шығарылды, олардың денсаулығы әлдеқайда жақсарғаны байқалады.

Новые статьи

В одном из заведений Усть-Каменогорска убили сотрудника полиции

Ночью 4 октября в одном из увеселительных заведений Усть-Каменогорска произошел конфликт между посетителями, в результате которого один человек погиб, еще один получил травмы. По предварительным...

Шығыс Қазақстанда үздік педагогтер марапатталды

5 қазан - Мұғалімдер күніне орай ШҚО филармониясында білім саласы қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, ұстаздар...

Казахстан и ВОЗ усилят мониторинг влияния экологических факторов на здоровье жителей Приаралья

В Казахстане представили дорожную карту инициативы «Здоровое будущее», направленной на защиту здоровья жителей Приаралья от экологических и климатических рисков. Документ предусматривает усиление профилактики, медицинского...

В ВКО ко Дню учителя наградили педагогов и ветеранов образования

В Восточно-Казахстанской области ко Дню учителя наградили педагогов и ветеранов образования. Трое представителей региона получили орден «Құрмет». Награды учителям вручил аким области Нурымбет Сактаганов. Глава...