Қазақстандық студент қыздар каратэ-додан әлем чемпионы атанды

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері Гүлжанат Қобыланды мен Мәдина Мұрат Үндістанда шотокан каратэ-додан өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Қос спортшы да өз санаттарында үздік шығып, Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын салды.

Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында Бангалор қаласында өтті. Додаға барлық жас санатындағы спортшылар қатысты.

Жеңімпаз қыздар «Білім беру саласындағы дене шынықтыру-спорттық қызмет» (6В01421) білім беру бағдарламасының екінші курсында оқиды. Олар оқу мен тұрақты жаттығуды қатар алып жүр.

– Әлем чемпионатына қатысу бізге үлкен жауапкершілік жүктеді. Дайындық барысында техникалық шеберлік пен физикалық бабымызды шыңдауға ерекше көңіл бөлдік. Бұл жеңіс – үздіксіз жаттығу мен бапкерлеріміздің қолдауының жемісі. Алдағы уақытта да халықаралық ареналарда бақ сынап, ел спортының дамуына үлес қоса бермекпіз, – деді әлем чемпионы Мәдина Мұрат.

Новые статьи

Қазақстанда малды спутник арқылы бақылайтын жүйе әзірленді

Қазақстандық iGps Tech компаниясы ұялы байланыс жоқ жерде де жұмыс істейтін малды спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Технологияға Орталық Азия елдері қызығушылық танытып отыр....

В Казахстане разработали спутниковую систему для контроля скота

Казахстанская компания iGps Tech разработала спутниковую систему мониторинга скота, которая работает даже там, где нет сотовой связи. Интерес к технологии проявляют страны Центральной Азии,...

Қазақстанда екінші амур жолбарысы жабайы табиғатқа жіберілді

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында Амур есімді аталық жолбарыс табиғи ортасына жіберілді. Ол – реинтродукция бағдарламасы аясында Қазақстанның жабайы табиғатына қайтарылған...

В полиции ВКО решают, куда перенести пост на Осиновском перевале

Модульный пост полиции у поворота на Серебрянск демонтировали после открытия новой дороги в обход Осиновского перевала. В департаменте полиции Восточно-Казахстанской области рассматривают возможность установить...