ШҚО-да алғаш рет миға стереотаксиялық ота жасалды

Өскеменде өңір бойынша алғаш рет миға жалпы наркозсыз жоғары технологиялық екі стереотаксиялық ота жасалды. Ота кезінде науқастар есін біліп жатты, ал нейрохирургтер жергілікті анестезия қолданды.

Бұл технология бас сүйегін үлкен етіп ашпай-ақ (трепанациясыз), кішкентай ғана тесік арқылы мидың терең әрі жету қиын бөліктерінен тін үлгісін алуға мүмкіндік береді. Стереотаксиялық жүйе дәрігерлерге патологиялық ошақтың орнын және оған баратын жолды асқан дәлдікпен есептеуге көмектеседі.

Осындай аз инвазивті әдістің арқасында сау тіндер зақымданбайды, ал алынған материал нақты диагноз қоюға жол ашады.

Отаны жергілікті дәрігерлер Астанадан арнайы келген Ұлттық нейрохирургия орталығының және ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының мамандарымен бірлесіп жасады. Шығысқазақстандық нейрохирургтер жаңа технологияны тікелей тәжірибе жүзінде меңгерді.

Алғашқы стереотаксиялық оталар Шығыс Қазақстан нейрохирургия қызметінің 50 жылдығы қарсаңындағы маңызды оқиға болды. Жарты ғасыр ішінде бұл сала бастапқы мамандандырылған көмектен аса күрделі микрохирургиялық және эндоваскулярлық оталарды жасайтын деңгейге дейін өсті.

Мерейтойлық конференцияда Қазақстан мен Ресейдің жетекші нейрохирургтері мен ғалымдары, соның ішінде Мәскеудегі Сеченов университетінің өкілі ғылыми баяндама жасады. Олар тамыр, онкология, функционалдық, аз инвазивті, жұлын және перифериялық нейрохирургия саласындағы заманауи жетістіктері мен клиникалық тәжірибесін ортаға салды.

Жиынға қатысушылар орталық және перифериялық жүйке жүйесі ауруларын анықтау мен хирургиялық жолмен емдеу мәселелерін, сондай-ақ елімізде жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмекті одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.

Стереотаксиялық нейрохирургияны енгізу мидың күрделі ауруларын облыстан шықпай-ақ, Шығыс Қазақстанның өзінде дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Новые статьи

Студентки из Казахстана стали чемпионками мира по каратэ-до

Гулжанат Кобланды и Мадина Мурат из Таразского университета имени М.Х. Дулати завоевали золотые медали на чемпионате мира по каратэ-до Шотокан в Индии. Обе спортсменки...

Өскеменде көлік бағанаға соғылды

Жол-көлік оқиғасы 2 қараша күні таңертең Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылында болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлап отыр. Белгілі болғандай, Mitsubishi Lancer автокөлігінің...

В Усть-Каменогорске автомобиль врезался в столб

ДТП произошло утром 2 ноября на проспекте Назарбаева в Усть-Каменогорске. Об этом сообщили в департаменте полиции Восточно-Казахстанской области. По данным ведомства, водитель Mitsubishi Lancer при...

Қазақстанда ЖРВИ жұқтырғандар саны 44%-ға азайды

22–28 қазан аралығында Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 74 689 дерегі тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл былтырғы эпидемиялық маусымның дәл осы кезеңімен...