Қазақстанда малды спутник арқылы бақылайтын жүйе әзірленді

Қазақстандық iGps Tech компаниясы ұялы байланыс жоқ жерде де жұмыс істейтін малды спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Технологияға Орталық Азия елдері қызығушылық танытып отыр. Ал келешегі зор нарықтар қатарында Аргентина мен Аустралия бар.

Жүйеге қазірдің өзінде 130 мыңнан астам жылқы қосылған. Компания қызметін 3 800-ден астам клиент пайдаланады. Бұл технология ірі қара мен басқа да жануарларды бақылауға да қолданылады.

Жүйе малдың қайда жүргенін, қозғалыс бағытын көрсетіп, виртуалды геоаймақтар белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл мал ұрлығы мен жоғалу қаупін азайтып, жануарлардың автожолдар мен егістік алқаптарға шығып кетуінің алдын алуға көмектеседі. Үйір өз білгенімен жайылса да, иесі оның қайда жүргенін оңай бақылай алады.

«iGps Tech» ЖШС жобаны сегіз жылдан бері дамытып келеді. Осы уақыт ішінде компания шетелдік жабдықты пайдаланудан жайылымдық мал шаруашылығының жағдайына бейімделген GPS-құрылғылар мен бағдарламалық жасақтаманы өзі әзірлеуге көшті.

2026 жылы компания спутниктік трекер мен биосенсорларды біріктіретін жаңартылған шешімін ұсынды. Ол бір мезгілде онға дейін жануарды бақылап, олардың дене температурасын және қозғалыс белсенділігін тіркеуге мүмкіндік береді. Соның арқасында мал иелері түліктің жай-күйі туралы көбірек мәлімет алады.

– Біз Қазақстаннан тыс жерлерде де сұранысқа ие болатын өнім әзірлеп жатырмыз. Елімізде жасалған технологияның әлемдік мал шаруашылығын цифрландырудағы маңызды құралдардың біріне айналғанын қалаймыз, – деді «iGps Tech» ЖШС негізін қалаушы әрі бас директоры Мирас Байжігіт.

Компания Германиядағы Гёттинген университетімен де ынтымақтасып отыр. Зерттеушілермен бірге мал жаюдың табиғи экожүйелерге әсерін зерттеп келеді. Атап айтқанда, жайылымдарды ұтымды пайдалану табиғи өрт қаупін азайтуға қаншалықты ықпал етуі мүмкін екенін қарастырады.

iGps Tech компаниясының ұзақ мерзімді жоспарында Agro-SuperApp құру бар. Компания спутниктік мониторингті, ветеринариялық бақылауды, талдау құралдары мен аграршыларға арналған сервистерді бір цифрлық платформаға біріктіруді көздеп отыр.

Новые статьи

В Казахстане разработали спутниковую систему для контроля скота

Казахстанская компания iGps Tech разработала спутниковую систему мониторинга скота, которая работает даже там, где нет сотовой связи. Интерес к технологии проявляют страны Центральной Азии,...

Қазақстанда екінші амур жолбарысы жабайы табиғатқа жіберілді

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында Амур есімді аталық жолбарыс табиғи ортасына жіберілді. Ол – реинтродукция бағдарламасы аясында Қазақстанның жабайы табиғатына қайтарылған...

В полиции ВКО решают, куда перенести пост на Осиновском перевале

Модульный пост полиции у поворота на Серебрянск демонтировали после открытия новой дороги в обход Осиновского перевала. В департаменте полиции Восточно-Казахстанской области рассматривают возможность установить...

В Казахстане выпустили второго амурского тигра

Самца амурского тигра по имени Амур выпустили в естественную среду обитания 31 октября 2026 года на территории государственного природного резервата «Иле-Балхаш». Он стал вторым...