ШҚО-да алғаш рет миға стереотаксиялық ота жасалды

Өскеменде өңір бойынша алғаш рет миға жалпы наркозсыз жоғары технологиялық екі стереотаксиялық ота жасалды. Ота кезінде науқастар есін біліп жатты, ал нейрохирургтер жергілікті анестезия қолданды.

Бұл технология бас сүйегін үлкен етіп ашпай-ақ (трепанациясыз), кішкентай ғана тесік арқылы мидың терең әрі жету қиын бөліктерінен тін үлгісін алуға мүмкіндік береді. Стереотаксиялық жүйе дәрігерлерге патологиялық ошақтың орнын және оған баратын жолды асқан дәлдікпен есептеуге көмектеседі.

Осындай аз инвазивті әдістің арқасында сау тіндер зақымданбайды, ал алынған материал нақты диагноз қоюға жол ашады.

Отаны жергілікті дәрігерлер Астанадан арнайы келген Ұлттық нейрохирургия орталығының және ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының мамандарымен бірлесіп жасады. Шығысқазақстандық нейрохирургтер жаңа технологияны тікелей тәжірибе жүзінде меңгерді.

Алғашқы стереотаксиялық оталар Шығыс Қазақстан нейрохирургия қызметінің 50 жылдығы қарсаңындағы маңызды оқиға болды. Жарты ғасыр ішінде бұл сала бастапқы мамандандырылған көмектен аса күрделі микрохирургиялық және эндоваскулярлық оталарды жасайтын деңгейге дейін өсті.

Мерейтойлық конференцияда Қазақстан мен Ресейдің жетекші нейрохирургтері мен ғалымдары, соның ішінде Мәскеудегі Сеченов университетінің өкілі ғылыми баяндама жасады. Олар тамыр, онкология, функционалдық, аз инвазивті, жұлын және перифериялық нейрохирургия саласындағы заманауи жетістіктері мен клиникалық тәжірибесін ортаға салды.

Жиынға қатысушылар орталық және перифериялық жүйке жүйесі ауруларын анықтау мен хирургиялық жолмен емдеу мәселелерін, сондай-ақ елімізде жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмекті одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.

Стереотаксиялық нейрохирургияны енгізу мидың күрделі ауруларын облыстан шықпай-ақ, Шығыс Қазақстанның өзінде дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Новые статьи

Қазақстанда малды спутник арқылы бақылайтын жүйе әзірленді

Қазақстандық iGps Tech компаниясы ұялы байланыс жоқ жерде де жұмыс істейтін малды спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Технологияға Орталық Азия елдері қызығушылық танытып отыр....

В Казахстане разработали спутниковую систему для контроля скота

Казахстанская компания iGps Tech разработала спутниковую систему мониторинга скота, которая работает даже там, где нет сотовой связи. Интерес к технологии проявляют страны Центральной Азии,...

Қазақстанда екінші амур жолбарысы жабайы табиғатқа жіберілді

2026 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында Амур есімді аталық жолбарыс табиғи ортасына жіберілді. Ол – реинтродукция бағдарламасы аясында Қазақстанның жабайы табиғатына қайтарылған...

В полиции ВКО решают, куда перенести пост на Осиновском перевале

Модульный пост полиции у поворота на Серебрянск демонтировали после открытия новой дороги в обход Осиновского перевала. В департаменте полиции Восточно-Казахстанской области рассматривают возможность установить...