Өскеменде көше жарығына бөлінген ақшаның жымқырылуына қатысты іс сотқа жіберілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «ШҚО мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ-дан бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылы Өскемен мен Семей қалалары көшелерінің жарықтандырылуын жаңғырту жобасы қолға алынған. Ескірген жарықты энергияны үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру көзделген еді. Бұл энергия шығынын азайтып, жарық сапасын жақсартады деп күтілген.

— Алайда орталық қызметкерлері жұмыс пен құрал-жабдықтардың бағасын қолдан өсіріп, жалған құжаттарға қол қойғаны анықталды. Бұдан бөлек, жобаға техникалық талаптарға сай келмейтін жарықтандыру құрылғылары да енгізілген. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы шығын 2,5 млрд теңгені құрады, — делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, орталық басшысы қосалқы мердігер болған компанияны өзіне сенімді адамның атына тіркеп қойған. Сол арқылы жалған келісім-шарттар жасалып, ақшаны қолма-қол етіп шығарып отырған.

Жымқырылған ақша 265 млн теңге тұратын сәнді жылжымайтын мүліктер мен автокөліктер сатып алуға жұмсалған. Сот ары қарай тәркілеу үшін мүлікке тоқтам салды. Күдіктілер қамауға алынған. Іс сотқа жіберілді.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске продолжают устранять последствия урагана

Коммунальные и аварийные службы Усть-Каменогорска продолжают ликвидировать последствия сильного урагана, который обрушился на город. По данным РГП «Казгидромет», к 17:00 в областном центре выпало 20,5...

Подготовку школ к учебному году в ВКО завершат до 25 августа

В Восточно-Казахстанской области подготовку организаций образования к новому учебному году и предстоящему отопительному сезону держат на особом контроле. Эти вопросы рассмотрели на совещании под...

В Усть-Каменогорске более 300 человек устраняют последствия урагана

В Усть-Каменогорске продолжаются работы по ликвидации последствий непогоды. После урагана, сильного ливня и грозы на большей части города уже восстановлено электроснабжение. По данным РГП «Казгидромет»,...

В ВКО аграриев полностью обеспечивают поливной водой

В Восточно-Казахстанской области сельхозпроизводители полностью обеспечены поливной водой в период вегетации. Несмотря на то, что бассейн реки Иртыш уже третий год находится в условиях...