Өскемен тұрғындары медициналық орталық ғимаратының суықтығына шағымданды

Облыс орталығының тұрғындары мамандандырылған медициналық орталық ғимаратының суықтығына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, ғимарат іші тым суық. Соның салдарынан пациенттер бірнеше көрпеге қымтанып жатады.

— Оның үстіне орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбір науқастар дәлізде жатуға мәжбүр, — дейді тұрғындар.

Халықтың сынына мамандандырылған медициналық орталықтан жауап берді.

— Ғимараттың электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның аясында жарықтандыру панельдері толығымен ауыстырылып, энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Мұндай ауқымды жөндеу жұмыстары 1978 жылдан бері жүргізілмеген. Сондай-ақ дүйсенбіде дизельдік генератор қондырғысын орнату жұмыстары аяқталды. Жаңа жабдық гемодиализ, хирургия бөлімшелерін және клиникалық диагностикалық зертхананы жылумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жансақтау бөліміне екінші дизель генераторын орнату жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады орталық өкілдері.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске продолжают устранять последствия урагана

Коммунальные и аварийные службы Усть-Каменогорска продолжают ликвидировать последствия сильного урагана, который обрушился на город. По данным РГП «Казгидромет», к 17:00 в областном центре выпало 20,5...

Подготовку школ к учебному году в ВКО завершат до 25 августа

В Восточно-Казахстанской области подготовку организаций образования к новому учебному году и предстоящему отопительному сезону держат на особом контроле. Эти вопросы рассмотрели на совещании под...

В Усть-Каменогорске более 300 человек устраняют последствия урагана

В Усть-Каменогорске продолжаются работы по ликвидации последствий непогоды. После урагана, сильного ливня и грозы на большей части города уже восстановлено электроснабжение. По данным РГП «Казгидромет»,...

В ВКО аграриев полностью обеспечивают поливной водой

В Восточно-Казахстанской области сельхозпроизводители полностью обеспечены поливной водой в период вегетации. Несмотря на то, что бассейн реки Иртыш уже третий год находится в условиях...