ШҚО-да түтін басқан үйден 14 жастағы бозбала құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында құтқарушылар өртенген үйден бозбаланы аман алып шықты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Алтай ауданы Серебрянск қаласында болған.

— Жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық қора-жайда өрт шықты. Түтін үйге де жайылып кетті. Құтқарушылар барлау жүргізу барысында түтінге оранған үйдің бөлмесінен 14 жастағы бозбаланы сыртқа алып шықты. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Тексеруден кейін бала медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, — делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жалпы ауданы 80 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Новые статьи

Начало службы: молодые полицейские ВКО торжественно приняли присягу

Сегодня на площади Республики состоялся гарнизонный развод, в рамках которого более 50 молодых сотрудников Департамента полиции Восточно-Казахстанской области приняли присягу. Для них это был первый...

Левый берег Усть-Каменогорска получит гребной канал, Арбат и новую набережную

  Усть-Каменогорска может получить новое пространство для спорта, отдыха и городских мероприятий. Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с проектом развития инженерно-коммуникационной инфраструктуры этой части...

В ВКО прошёл дебатный турнир среди государственных служащих

В Восточно-Казахстанской области состоялся дебатный турнир среди государственных служащих на тему «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Основная цель мероприятия — повышение интеллектуального потенциала государственных...

Установлена последняя балка развязки на КШТ

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области ознакомился с ходом строительства транспортной развязки на пересечении проспекта Сатпаева и улицы Жибек Жолы в Усть-Каменогорске. Во время осмотра объекта...