Шығыс Қазақстанда референдум күні 538 учаске жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысында 6 қазанда өтетін АЭС салуға қатысты референдумда 538 учаске жұмыс істейді. Аймақ бойынша барлығы 487 824 сайлаушы бар.

«Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға дауыс беруге жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданды. Шығыс Қазақстанда бүгінде мүгедектігі бар 2160 адам тіркелген. Олар дауыс беретін учаскелерге нұсқаулықтар берілді. 525 учаске бірінші қабатта орналасқан, 492-сі пандустармен, 511-і әртүрлі тактильді көрсеткіштермен жабдықталған», — делінген ШҚО референдум комиссиясы ұсынған ақпаратта.

Мүгедектігі бар адамдар тұратын 509 учаскеде кресло-арбаларды пайдаланатын азаматтардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар әзірленген.

«Дауыс беру күні инватаксиді тарту мәселесі шешілді. Өскеменде 10, аудандарда 6 машина іске қосылады. Сурдоаудармашылардың қызметімен референдумның 117 учаскесі қамтылады. Барлық 538 учаскеде трафарет көзделген, оның көмегімен көру қабілеті нашар азаматтар аудио нұсқасын тыңдағаннан кейін бюллетеньді өз бетінше толтыра алады», — делінген хабарламада.

Новые статьи

В Восточно-Казахстанской области снизилась смертность от онкозаболеваний

В Восточно-Казахстанской области по итогам первого квартала 2026 года зафиксирована положительная динамика в работе онкологической службы. Улучшения отмечены сразу по нескольким ключевым показателям —...

Шығыс Қазақстанда кәріз құдығында газға уланған 3 адамның денсаулығы қалай?

Оқиға кеше Глубокое ауылында болған еді. Кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде үш жұмысшы газбен уланған. Қазіргі уақытта екеуі амбулаториялық емдеуге жіберіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Оларға...

ШҚО-да онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 7,9 пайызға төмендеді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сагидуллина мәлімдеді. Оның айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші 100 мың...

Женщины из ВКО выезжают в другие города Казахстана за прививкой от вируса папилломы человека

Молодые женщины из региона выезжают в другие города Казахстана, чтобы получить прививку от ВПЧ. Научно доказано, что вирус папилломы человека высокого онкогенного риска является главным...