ШҚО педагогтері болашақ технологияларына арналған семинарда ЖИ негізіндегі кейстерді әзірледі

Шығыс Қазақстан облысының жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері жасанды интеллектіні қолдана отырып, білім беру кейстерін құрастырып, қорғап шықты. Бұл тәжірибелік жұмыс қазан айының соңында өткен «Инженерлік білім беру және болашақ технологиялары» форсайт-семинарының негізгі бөлігі болды.
Семинарды «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бірлесіп ұйымдастырды. Жиын қос мекеменің перспективалық ынтымақтастық жоспары аясында өтті.
Қатысушылар инженерлік мамандықтардың қалай өзгеріп жатқанын, технологиялар дамуы қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын және оқушыларды ЖИ көмегімен болашақ кәсіптерге қалай бейімдеу керектігін талқылады. Сонымен қатар инженерлік білім берудің қазіргі бағыттары мен цифрлық технологияларды оқу процесіне кіріктіру жолдарын жеке қарастырды.
Тәжірибелік бөлімде педагогтер топқа бөлініп жұмыс істеді: жасанды интеллектіні қолдану арқылы білім беру кейстерін дайындап, өз идеяларын ортаға салды және ұсынған шешімдерін қорғады. Бұл жұмыс мұғалімдердің жаңашыл ойлау қабілетін дамытуға, цифрлық құзыреттіліктерін шыңдауға және оқытудың тың тәсілдерін табуға бағытталды.
Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша үздік командалар келесі номинациялармен марапатталды: «Білім беруде ЖИ-ді қолданудағы креативтілігі мен тың көзқарасы үшін», «Білім беру шешімдерінің бірегейлігі мен инновациялық ойлауы үшін», «Семинардың үздік тәжірибесі», «NEXT инженериясы: ойын ережесін өзгерту», «Технологиялық өсу нүктесі» және «Болашақ бағдары».
Семинар соңында «1С-Рейтинг» компаниясының өкілі сөз алды. Ол заманауи цифрлық шешімдердің мүмкіндіктерін таныстырып, оларды кәсіби қызметте қалай тиімді қолдануға болатынын айтып берді.
Әзірленген кейстер білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың және оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ бұл кездесу педагогикалық тәжірибе алмасатын және мектеп, жоғары оқу орны мен IT-сала арасындағы байланысты нығайтатын тиімді алаңға айналды.

Новые статьи

Қазақстандық студент қыздар каратэ-додан әлем чемпионы атанды

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері Гүлжанат Қобыланды мен Мәдина Мұрат Үндістанда шотокан каратэ-додан өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Қос спортшы да...

Студентки из Казахстана стали чемпионками мира по каратэ-до

Гулжанат Кобланды и Мадина Мурат из Таразского университета имени М.Х. Дулати завоевали золотые медали на чемпионате мира по каратэ-до Шотокан в Индии. Обе спортсменки...

Өскеменде көлік бағанаға соғылды

Жол-көлік оқиғасы 2 қараша күні таңертең Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылында болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлап отыр. Белгілі болғандай, Mitsubishi Lancer автокөлігінің...

В Усть-Каменогорске автомобиль врезался в столб

ДТП произошло утром 2 ноября на проспекте Назарбаева в Усть-Каменогорске. Об этом сообщили в департаменте полиции Восточно-Казахстанской области. По данным ведомства, водитель Mitsubishi Lancer при...