Өскеменде Марқакөл ауданының мәдени күндері өтеді

Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Марқакөл ауданының мәдени күндері өтеді. Екі күнге жоспарланған шаралар аясында ауданның шығармашылық әлеуеті таныстырылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

9 қазан күні сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Марқакөл ауданының шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтеді. Кеш барысында көрермен аудан өнерпаздары дайындаған музыкалық және шығармашылық қойылымдарды тамашалай алады.

Ал 10 қазан күні сағат 08:00-де Өскемен қаласындағы «ALTAY» көтерме және бөлшек сауда орталығының аумағында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Марқакөл ауданының шаруалары мен өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Марқакөл — табиғаты көркем, еңбек дәстүрі қалыптасқан, мәдени мұрасы бай аудандардың бірі. Ауданның мәдени күндерін өткізу — оның тыныс-тіршілігін қала тұрғындары мен қонақтарына таныстыруға мүмкіндік береді.

Новые статьи

В Казахстане изменили порядок регистрации лиц, ищущих работу

С 18 октября 2026 года при подаче заявления на регистрацию в качестве лица, ищущего работу, карьерный центр будет приостанавливать оказание государственной услуги, если выявит...

В Казахстане 91% местных дорог находится в нормативном состоянии

За последние три года ремонтными и дорожно-строительными работами охватили 13,3 тыс. км местной дорожной сети. Из них 10,6 тыс. км уже введены в эксплуатацию. Общая...

В Усть-Каменогорске молодежь обсудила развитие экологической культуры

В Усть-Каменогорске волонтеры, студенты и активная молодежь обсудили экологическую культуру и участие молодых жителей в реализации инициативы «Таза Қазақстан». Встречу «Таза Қазақстан – общее...

Предприниматели Восточного Казахстана пожаловались на давление со стороны ОСИ

Предприниматели Усть-Каменогорска заявили о проблемах при взаимодействии с объединениями собственников имущества и управляющими компаниями. Речь идет об ограничении доступа к инженерным коммуникациям, препятствиях для...