Өскеменде құны 140 млрд теңге болатын жаңа ЖЭО энергоблогының құрылысы басталды

Өскеменде қалалық жылу электр орталығының жаңа энергоблогы салына бастады. Жобаның құны 140 млрд теңгені құрайды. Бүгін станция аумағында уақыт капсуласын салу рәсімі өтіп, құрылыс жұмыстарына ресми түрде бастау берілді.

Жоба 2030 жылға қарай станцияның жылу қуатын 130 Гкал/сағ, электр қуатын 100 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа энергоблок қазіргі жылу қуаты тапшылығын азайтып, қаланың одан әрі дамуына қажетті резерв қалыптастыруы тиіс.

Өскемен ЖЭО облыс орталығының орталықтандырылған жылумен жабдықтау қажеттілігінің шамамен 85%-ын қамтамасыз етеді. Қазір жылу қуатының тапшылығы 287,8 Гкал/сағ құрайды.

Қалада жаңа тұрғын аудандар мен әлеуметтік нысандардың салынуына, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің кеңеюіне байланысты жылу және электр энергиясын тұтыну көлемі артып келеді. Қосымша қуаттар Өскеменді тұрақты жылумен қамтамасыз ету және қаланың әрі қарай дамуына жағдай жасау үшін қажет.

Рәсімге ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Ыдырысов, мемлекеттік органдар мен компаниялардың өкілдері және жоба серіктестері қатысты.

Нұрымбет Сақтағанов энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту ел алдындағы маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, оның сенімділігін және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру еліміз үшін аса маңызды міндеттер екенін бірнеше рет атап өтті, – деді ШҚО әкімі.

Оның айтуынша, жаңа энергетикалық нысанның іргетасына капсула салу осы бағыттағы нақты қадам болды. Өскемен қаласы мен өнеркәсіп өндірісінің өсуі энергия ресурстарына деген сұранысты арттырып келеді. Сондықтан сенімді энергетикалық инфрақұрылымды дамыту айрықша маңызға ие.

Жоба іске асқаннан кейін шамамен 500 тұрғын үй мен әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар жаңа нысанда 50-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылып, құрылыс кезінде 200-ден астам жұмыс орны құрылады.

– Бұл енді жобаның жай ғана көрсеткіштері емес, тұрғындарымыздың жайлылығы мен өмір сапасына қосылатын нақты үлес, – деді өңір басшысы.

Әкім жобаның іс жүзінде жүзеге асырылуына мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығы мүмкіндік бергенін де атап өтті.

– Қала үшін маңызды жобаның практикалық іске асыру кезеңіне өтуіне мүмкіндік берген мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын ерекше атап өткім келеді. Инвесторлар, энергетиктер, жобалаушылар, құрылысшылар және барлық серіктестер күш біріктірсе, жоба сәтті жүзеге асатынына сенімдімін, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жаңа энергоблок құрамына сағатына 400 тонна бу өндіретін №16 қазандық агрегаты және электр қуаты 100 МВт болатын №13 турбина кіреді. ҚР Энергетика министрлігі мен Өскемен ЖЭО арасында инвестициялық келісімге қол қойылғаннан кейін жоба ұлттық маңызы бар мәртебеге ие болды.

Қазір станцияның белгіленген жылу қуаты 859,9 Гкал/сағ, электр қуаты 372,5 МВт құрайды. ЖЭО-да сағатына 75-тен 500 тоннаға дейін бу өндіретін тоғыз қазандық агрегаты және қуаты 4-тен 120 МВт-қа дейінгі сегіз турбоагрегат жұмыс істейді.

– Жаңа энергоблок қала тұрғындарын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Бұл Өскеменнің одан әрі дамуына қажетті қуат қорын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары да ашылады. Мамандар заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, өз дағдыларын үнемі жетілдіре алады. Энергетика саласына жаңа қуаттар мен сол нысандарда жұмыс істей алатын кәсіби кадрлар қажет, – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Құрылыс кезінде Қазақстанның өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін заманауи технологиялық шешімдер мен тиімділігі жоғары жабдықтарды пайдалану жоспарланған. Бұл жылу және электр энергиясын өндіру тиімділігін арттырып, станцияның қоршаған ортаға әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына кіретін Өскемен ЖЭО жүзеге асырады. Қаржыландыруды Еуразиялық даму банкі мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қамтамасыз етеді.

– Мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы өңірдің одан әрі дамуына, инвестициялық тартымдылығының артуына және ең бастысы, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға жағдай жасайды, – деді «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы Динмухамет Идрисов.

Новые статьи

Приток иммигрантов из Узбекистана в Казахстан сократился вдвое

В первом полугодии 2026 года в Казахстан на постоянное место жительства из Узбекистана прибыли 2 894 человека. Это вдвое меньше, чем за аналогичный период...

Подержанные автомобили в Казахстане подешевели на рекордные 3,8% за месяц

В июле цены на легковые автомобили с пробегом в Казахстане снизились на 3,8% по сравнению с июнем. Это самое значительное месячное снижение за всю...

В Восточно-Казахстанской области агитационная кампания набирает обороты

Республиканский предвыборный штаб партии «Әділет» продолжил работу в Восточно-Казахстанской области и провёл встречи с жителями региона. Кандидаты в депутаты Курултая обсудили актуальные вопросы с...

Каждый тенге господдержки привлек в АПК Казахстана семь тенге коммерческого капитала

Министерство сельского хозяйства совершенствует модель государственной поддержки агропромышленного комплекса, делая акцент на привлечении внебюджетного финансирования. В 2025 году при прямом бюджетном финансировании в размере...