Семей қаласында TikTok желісіндегі эфирде заң талаптарын бұзған әйел жауапқа тартылды.
Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары әйел адамның TikTok-тағы тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, орынсыз мінез-құлық көрсеткенін анықтады.
— Тексеру нәтижесінде оның Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Сот шешімі бойынша әйелге әкімшілік құқық бұзғаны үшін айыппұл салынды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, полицейлер интернетте жасалған құқық бұзушылықтар да заң бойынша қаралатынын және мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын ескертті.

