ШҚО-да 9 тонналық титан құймасын ұрлау ісі бойынша соңғы күдікті 10 жылдан кейін ұсталды

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, халықаралық іздеуде жүрген 63 жастағы ер адамды Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері қолға түсірді.

Қылмыс 2015 жылы жасалған. Тергеу деректеріне сәйкес, сол кезде Өскемендегі кәсіпорынның бір топ қызметкері салмағы 9 370 келі, құны 31 млн теңгеден асатын титан құймасын ұрлаған.

Күдіктілер жүкті зауыт аумағынан кедергісіз алып шығу үшін қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланып, титан құймасын автокөліктің жүк бөлігінде технологиялық және тұрмыстық қалдықтардың астына жасырып тасымалдамақ болған.

Тергеу барысында ұрланған металл табылып, заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ қылмысқа қатысы бар адамдардың басым бөлігі анықталып, жауапқа тартылды. Алайда күдіктілердің бірі ұзақ уақыт бойы бой тасалап жүрген.

— Осы жылдар бойы оны іздестіру жұмыстары бір сәтке де тоқтаған жоқ. Күдіктінің болуы мүмкін жерлері, араласатын ортасы және келіп түскен жедел ақпараттардың барлығы тексеріліп отырды. Нәтижесінде ер адам Алматы қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Новые статьи

Дорога, которую ждали годами

В Восточном Казахстане открыли дорогу на Рахмановские ключи. Для Катон-Карагайского района это не просто новый участок транспортной инфраструктуры, а долгожданный проект, который напрямую влияет...

Начало службы: молодые полицейские ВКО торжественно приняли присягу

Сегодня на площади Республики состоялся гарнизонный развод, в рамках которого более 50 молодых сотрудников Департамента полиции Восточно-Казахстанской области приняли присягу. Для них это был первый...

Левый берег Усть-Каменогорска получит гребной канал, Арбат и новую набережную

  Усть-Каменогорска может получить новое пространство для спорта, отдыха и городских мероприятий. Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с проектом развития инженерно-коммуникационной инфраструктуры этой части...

В ВКО прошёл дебатный турнир среди государственных служащих

В Восточно-Казахстанской области состоялся дебатный турнир среди государственных служащих на тему «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Основная цель мероприятия — повышение интеллектуального потенциала государственных...