Өскеменде балабақшаға ваучер беру басталды

Өскеменде бүгіннен бастап мектепке дейінгі ұйымдардан орын күтіп жүрген балалардың ата-аналарына балабақшаға жолдама беруге арналған цифрлық ваучерлер таратыла бастады. Құжатты растау және баланы балабақшаға қабылдау рәсімін аяқтау үшін белгіленген мерзімді сақтау қажет.
Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, ваучерлер balabaqsha.snation.kz порталы арқылы рәсімделеді. Осыған байланысты ата-аналарға ваучердің қолданылу мерзімін өткізіп алмау үшін жеке кабинетін және SMS-хабарламаларды тұрақты түрде тексеріп отыру қажет.
– Ваучер берілгеннен кейін оны алған ата-анада құжатты растауға немесе одан бас тартуға екі жұмыс күні беріледі. Ваучер расталғаннан кейін бес жұмыс күні бойы жарамды болады. Осы уақыт ішінде баланы балабақшаға қабылдау рәсімін толық аяқтап, мектепке дейінгі ұйыммен электронды келісімшартқа қол қою қажет, – делінген ақпаратта.
Егер ата-аналар құжаттарды уақтылы рәсімдеп үлгермесе, ваучердің қолданылу мерзімінің соңғы күні оны жеке кабинет арқылы бір рет қосымша екі жұмыс күніне ұзартуға болады.
Қабылдау рәсімін аяқтау үшін ата-ананың немесе заңды өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасы, баланың туу туралы куәлігі, заңды өкілдің жеке куәлігі, №027/у медициналық анықтамасы, №052-2/у формасындағы баланың денсаулық паспорты және №065/у формасындағы профилактикалық екпелер картасы қажет.

Новые статьи

Дорога, которую ждали годами

В Восточном Казахстане открыли дорогу на Рахмановские ключи. Для Катон-Карагайского района это не просто новый участок транспортной инфраструктуры, а долгожданный проект, который напрямую влияет...

Начало службы: молодые полицейские ВКО торжественно приняли присягу

Сегодня на площади Республики состоялся гарнизонный развод, в рамках которого более 50 молодых сотрудников Департамента полиции Восточно-Казахстанской области приняли присягу. Для них это был первый...

Левый берег Усть-Каменогорска получит гребной канал, Арбат и новую набережную

  Усть-Каменогорска может получить новое пространство для спорта, отдыха и городских мероприятий. Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с проектом развития инженерно-коммуникационной инфраструктуры этой части...

В ВКО прошёл дебатный турнир среди государственных служащих

В Восточно-Казахстанской области состоялся дебатный турнир среди государственных служащих на тему «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Основная цель мероприятия — повышение интеллектуального потенциала государственных...