Қазақстанда денсаулық сақтау саласын бақылауға арналған бірыңғай цифрлық платформа іске қосылды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет сала ресурстарын басқаруға арналған бірыңғай цифрлық платформаны енгізді. Денсаулық сақтаудың зияткерлік платформасы, яғни Health Intelligence Platform медициналық ұйымдар, қызметкерлер, жабдықтар мен инфрақұрылым туралы мәліметтерді бір жүйеге біріктірді.

Бұған дейін деректер әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталып, бірін-бірі қайталайтын. Бұл жағдайды жедел бағалауға кедергі келтірді. Енді негізгі мәліметтер бірыңғай цифрлық кеңістікте жинақталып, нақты уақыт режиміне барынша жақын мерзімде жаңартылады.

Платформа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялаудың бір бөлігіне айналды.

Жаңа жүйе елде қанша медициналық ұйым жұмыс істейтінін, олардың дәрігерлермен және орта буын медицина қызметкерлерімен қаншалықты қамтылғанын, техниканың жағдайын және инфрақұрылымның даму деңгейін көрсетеді.

Әрбір медициналық мекеме үшін бірыңғай цифрлық паспорт жасалады. Онда лицензиялар, кадрлық құрам, жабдықтар, ғимараттар, құрылымдық бөлімшелер, кабинеттер, палаталар, төсек-орындар мен көлік туралы мәліметтер көрсетіледі.

Платформа үш негізгі тізілімнен тұрады.

Медициналық ұйымдар тізілімінде мекеменің паспорты, лицензиялары, ғимараттары, бөлімшелері, кабинеттері, палаталары, төсек-орындары мен көлігі туралы ақпарат сақталады.

Кадрлық ресурстар тізілімінде штат кестелері, қызметкерлер мен еңбек қатынастары туралы деректер, мамандардың сертификаттары, білімі, кәсіптік тізілім, студенттер, резиденттер мен магистранттар туралы мәліметтер жинақталған.

Медициналық техника тізілімі жабдықтың есепке қойылған сәтінен бастап техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге дейінгі бүкіл пайдалану кезеңін қамтиды. Жүйе техниканың қалдық құны мен тозу деңгейін де көрсетіп, есеп жүйелерімен мәлімет алмасады.

Бұл ескірген жабдықтарды дер кезінде ауыстыруға және мемлекеттік қаражатты тиімдірек жұмсауға мүмкіндік береді.

Негізгі жаңалықтардың бірі медициналық көмектің сапасын лицензиядан кейін цифрлық бақылау болды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары медициналық ұйымдардың жұмысын қашықтан бағалай алады. Жүйе лицензиялық талаптардың сақталуын, мамандарда жарамды сертификаттардың болуын, ұйымдардың кадрлармен және медициналық техникамен қамтылуын автоматты түрде тексереді.

Заңбұзушылық анықталған жағдайда платформа цифрлық жүйе арқылы ұсынымдар жолдайды. Талаптардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

Мұндай тетік тәуекелдерді жылдам анықтап, көптеген көшпелі тексерусіз-ақ кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Қағазбастылық азайып, цифрлық із көбейеді.

Платформаны сынақтан өткізу кезінде лицензиядан кейінгі цифрлық бақылау медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ 38 медициналық ұйымды анықтады.

Автоматты мониторинг сертификаттарының мерзімі өтіп кеткен медицина қызметкерлерінің санын үштен бірге жуық қысқартуға мүмкіндік берді. Олардың саны 3 637-ден 2 448 маманға дейін азайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл пациенттердің белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін мамандардан көмек алуына мүмкіндік береді.

Платформа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілген. Ол мемлекеттік деректер базаларынан, электрондық лицензиялау жүйесінен, білім беру, еңбек шарттары мен жылжымайтын мүлік тізілімдерінен, медициналық ақпараттық жүйелерден және басқа да цифрлық сервистерден мәлімет алады.

Соның арқасында медициналық ұйымдарға бір ақпаратты бірнеше рет қолмен енгізудің қажеті болмайды. Интеграция деректердің қайталану қаупін азайтып, олардың шынайылығын арттырады.

Жүйеге денсаулық сақтау нысандарының цифрлық картасы, талдау панельдері, жоғары технологиялық медициналық көмекті басқару құралдары, пациенттерді қолдау және медициналық көмектің сапасын тәуелсіз сараптау сервистері кіреді.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердегі жағдайды жедел бағалап, мамандарға деген қажеттілікті болжай алады, жабдық сатып алуды жоспарлап, өзекті деректер негізінде шешім қабылдайды.

Бірыңғай платформа саланы басқарудың ашықтығын арттырып, мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.

Новые статьи

Су тасқынына дайындық қазір жүргізілуде

ШҚО-да 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне кешенді дайындық жалғасуда. Елді мекендерді су басу қаупін азайтуға бағытталған 2026 жылға арналған инженерлік жұмыстар жоспары әзірленіп, бекітілді. Биыл...

Подготовка к паводкам проводится уже сейчас

В ВКО продолжается комплексная подготовка к паводковому периоду 2027 года. Разработан и утвержден План инженерных работ на 2026 год, направленный на снижение рисков подтопления...

Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлер саны 150 мыңға жуық адамға өсті

Қазақстанда ресми жұмыс істеп, әлеуметтік кепілдіктерге ие азаматтар көбейіп келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жалдамалы жұмыскерлер саны 150 мыңға жуық адамға артты. Жұмыспен...

Число наемных работников в Казахстане выросло почти на 150 тысяч

В Казахстане растет число граждан, которые работают официально и получают социальные гарантии. По итогам первого квартала 2026 года количество наемных работников увеличилось почти на...