Қазақстан мен АҚШ әуежайлар қауіпсіздігін нығайтуға келісті

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) басшылығымен және Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Қатысушылар бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарып, авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Негізгі назар Қазақстанға EXBS бағдарламасы аясында көрсетіліп жатқан практикалық көмекке аударылды.

Ынтымақтастық жылдары АҚШ тарапы Қазақстанның авиация саласы мамандары үшін арнайы оқыту курстары мен халықаралық танысу сапарларын ұйымдастырды. Соның арқасында сала қызметкерлері шетелдік тәжірибені және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін зерделеуге мүмкіндік алды.

Қазақстан әуежайларына заманауи тексеріп-қарау жабдықтары да берілді. Бұл жабдықтар әуежайлардың техникалық мүмкіндіктерін нығайтып, авиациялық қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттырды.

Тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады. Негізгі бағыттардың қатарында мамандар даярлау, халықаралық тәжірибе алмасу және Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру бар.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚШ тарапына жүйелі қолдауы және елдің азаматтық авиация қауіпсіздігін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...