Өскеменде екі мектептің жанындағы футбол алаңы ретке келтіріледі

Облыс орталығында Потанин көшесіндегі № 10 және № 12 мектептердің маңында орналасқан футбол алаңы абаттандырылады. Бұл туралы Өскемен әкімі жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.
Қазір бұл алаң мектеп сабақтарын өткізуге қолайсыз. Оны ретке келтіру жұмыстары келесі жылы басталмақ.
– Футбол алаңы мен оның қоршауын ретке келтіру керек. Оқушылардың білім алуы мен спортпен шұғылдануына қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау – басты міндеттеріміздің бірі. Сонымен қатар қаладағы әр мектептің жай-күйін зерделеп, қажетті жөндеу және абаттандыру жұмыстарының тізімін анықтаймыз», – деді шаһар басшысы.
Бұдан бөлек, мектеп аумағына жаңа асфальт төселеді.

Новые статьи

Астанада өткен турнирде ШҚО-дан бес мұғалім бақ сынады

Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің мұғалімі Құралай Төлеуова «Зияткер ұстаз» республикалық шахмат турнирінде 50 000 теңге сыйақы иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша ол...

Өскеменде КШТ бағытындағы жолайрықтың бір бөлігі ашылды

Өскемендегі Сәтбаев даңғылында салынып жатқан жаңа жолайрықпен алғашқы көліктер жүріп өтті. Әзірге жол өткелінің Қаныш Сәтбаев даңғылына бағытталған бір бөлігінде ғана техникалық қозғалысқа рұқсат...

В Усть-Каменогорске открыли часть развязки на КШТ

Новая развязка на проспекте Сатпаева в Усть-Каменогорске приняла первые автомобили. Технический проезд открыли по одной части путепровода – в направлении улицы Каныша Сатпаева. Скорость...

ШҚО-ның үш тұрғыны дүкеннен тауар ұрлады деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысында полиция дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен үш ер адамды анықтады. Келтірілген шығын көлемі – 120 мың теңге. Тергеу мәліметінше, ер адамдар бірігіп...