Өскеменде КШТ бағытындағы жолайрықтың бір бөлігі ашылды

Өскемендегі Сәтбаев даңғылында салынып жатқан жаңа жолайрықпен алғашқы көліктер жүріп өтті. Әзірге жол өткелінің Қаныш Сәтбаев даңғылына бағытталған бір бөлігінде ғана техникалық қозғалысқа рұқсат берілді. Бұл учаскеде жылдамдық сағатына 40 шақырыммен шектелген.

Жолды ашуды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тапсырды. Бұл шешімді қабылдағанда тұрғындардың өтініші мен екінші оқу тоқсанының басталуы ескерілді. Жолайрық Сәтбаев даңғылы мен Базовая, Жібек жолы және Есенберлин көшелерінің қиылысында орналасқан. Жаңа нысан қаланың осы бір қозғалысы тығыз бөлігіндегі кептелісті азайтып, тұрғындардың жолға кететін уақытын қысқартуы тиіс.

Көлік қозғалысы жол бөліктерінің дайын болуына қарай кезең-кезеңімен ашылады. Қазір іске қосылған бағытта қажетті жол белгілері мен бөлу жолағындағы қосымша сигналдық бағандар орнатылды.

Өткен аптаның соңында жолайрықты және аяқталуға жақын қалған құрылыс жұмыстарын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев барып көрді. Енді жолдың жүру бөлігіне деформациялық тігістерді орнатып, нөсер кәрізін толық аяқтау қалды. Арнайы тігістер өткелді ауа температурасының құбылуынан сақтаса, кәріз жүйесі жаңбыр мен еріген қар суын ағызып әкетуге қажет.

Деформациялық тігістер 8 қарашада жеткізіледі деп күтілуде. Оларды орнату кезінде жол толық жабылмайды – монтаж жұмыстары өткелдің екі жағында кезекпен жүргізіледі. Сол уақытта көліктер уақытша сызба бойынша қатынайды.

Ауа райы қолайлы болса, жол өткелінің Есенберлин көшесіне бағытталған екінші бөлігінде техникалық қозғалыс қарашаның соңына дейін ашылады. Ал тігістерді орнату толық аяқталып, екі бағыттағы қалыпты қозғалыс шамамен желтоқсанның басында іске қосылады.

Жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтап, жол белгілеріне және уақытша қозғалыс сызбасына мұқият болу сұралады.

Новые статьи

Общественные территории проверили на чистоту в Тарбагатайском районе

В Тарбагатайском районе ВКО провели профилактический рейд по соблюдению санитарного порядка и правил благоустройства. По его итогам составили два административных протокола, в отношении нарушителей...

ШҚО педагогтері болашақ технологияларына арналған семинарда ЖИ негізіндегі кейстерді әзірледі

Шығыс Қазақстан облысының жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері жасанды интеллектіні қолдана отырып, білім беру кейстерін құрастырып, қорғап шықты. Бұл тәжірибелік жұмыс қазан...

Пять педагогов представили ВКО на турнире в Астане

Куралай Толеуова из КГУ «Курчумская средняя школа № 4 имени Н. Островского» получила денежную премию в размере 50 000 тенге на республиканском шахматном турнире...

В Усть-Каменогорске благоустроят футбольное поле около двух школ

В областном центре планируется благоустроить футбольное поле на улице Потанина около школ № 10 и 12. Об этом сообщил аким Усть-Каменогорска в ходе рабочей...