Жол-көлік оқиғасы өткен демалыс күндері Өскемендегі Тоғас көшесінде болған. Реттелетін қиылыста Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне өтіп, кері бұрылмақ болған. Алайда ол осы сәтте жолдағы автобусқа жол бермеген.
— Соның салдарынан жеңіл көлік пен маршруттық автобус соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде Mercedes-Benz жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша Mercedes-Benz жүргізушісіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

