Құрылтай сайлауына тағы 405 халықаралық байқаушы аккредиттелді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының сайлауына жеті шет мемлекет пен тоғыз халықаралық ұйымнан тағы 405 байқаушыны аккредиттеді.

ОСК отырысында комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанға Еуропа, Азия және ТМД елдерінен жүздеген байқаушы келіп жатыр.

Аккредиттелгендер қатарында ТМД миссиясының 75 байқаушысы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 23 өкілі, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының 208 байқаушысы және Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 23 өкілі бар.

Сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясынан 10 байқаушы, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясынан 22, ШЫҰ миссиясынан 11, АӨСШК-ден тоғыз және Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымынан жеті байқаушы аккредиттелді.

Тағы 17 байқаушы Литва, Түркия, Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Нидерланд және Тәжікстан атынан қатысады.

– Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігі жеті шет мемлекет пен тоғыз халықаралық ұйымнан 405 байқаушыны аккредиттеуге ұсынды, – деді Мұхтар Ерман.

ОСК қаулысына сәйкес, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер беріледі.

Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу 17 тамыз сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Ұсыныстардың түсуіне қарай мәліметтер жаңартылып отырады.

Осылайша, бүгінгі күнге дейін ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауына 656 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске проходят дни культуры Катон-Карагайского района

В областном центре прошли выставка и концерт «Тәртіп шежіресі – Шығыс қалқаны», посвященные Катон-Карагайскому району. Мероприятия состоялись в рамках культурных дней и проекта «Туған...

МЧС восстановило производственную базу «Селденқорғау Құрылыс» и увеличило парк техники до 50 единиц

Министр по чрезвычайным ситуациям Мурат Муханов посетил базу РГП на ПХВ «Селденқорғау Құрылыс» и ознакомился с результатами восстановления предприятия. В этом году организация отмечает...

Потребление сахара в Казахстане достигло максимума за девять лет

Во втором квартале 2026 года потребление сахара-песка в Казахстане превысило 5,1 кг на человека. Это на 22% больше, чем годом ранее, и на 11%...

В ВКО только 2,9% жителей поддерживают пышные тои в ущерб семейному бюджету

В Восточно-Казахстанской области лишь 2,9% опрошенных положительно относятся к проведению пышных тоев семьями, которые не располагают для этого достаточными финансовыми возможностями. Это один из...