Шығыс Қазақстанда Абай күні атап өтілді

10 тамызда Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толды. Бұл күн Қазақстанда Абай күні ретінде аталып өтеді.

Шығыс Қазақстан облысында ұлы қазақ ақыны, ойшыл әрі ағартушының туған күні оның ескерткіші жанында атап өтілді. Салтанатты шарада Абай өлеңдері оқылып, өнерпаздар өнер көрсетті, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Жиынның негізгі өзегіне Абай өсиеттері – білімге ұмтылу, еңбек ету, адалдықты сақтау және арды пайдаға айырбастамау идеялары арқау болды.

Іс-шара шағын қойылыммен басталды. Жиналғандар алдында Абай шығармаларынан үзінділер оқылып, кейін Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының әртістері өнер көрсетті. Одан соң қоғам өкілдері мен салтанатты рәсімнің өзге де қатысушылары ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Іс-шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Жиналғандарға сөз арнаған өңір басшысы заман ауысып, дүние күн сайын өзгерсе де, халықтың Абайға деген құрметі ешқашан кемімейтінін атап өтті.

– Бүгін біз бүкіл адамзатты «бауырым» деп сүйген ұлы ойшыл, дала данышпаны Абайдың асқақ рухына бас иіп, тағзым ету үшін жиналдық. Заманалар ауысып, дүние дидары күн сайын өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген құрметі еш кемімейді, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай мұрасын дәріптеуге ерекше мән беретінін атап өтті. Бұл жұмыс ұлттық сананы нығайтуға, ел бірлігін бекемдеуге және қоғамның рухани кемелденуіне бағытталған. Сондықтан ақынның мұрасы халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы болып қала береді.

Нұрымбет Сақтағанов Абайдың халқын «жеті қараңғы түнде» адастырмай, «бес дұшпаннан» сақтандырып, «бес асыл іске» ұмтылуға үндегенін айтты. Сондықтан ұлы ойшыл өз халқының жадында мәңгі жасайды. Ал бүгінгі ұрпақ оның мұрасынан күш алып, рухани құндылықтар арқылы ішкі дүниесін байытуы керек.

– Бүгінгі ұрпақ Абайдай туған жерін сүйсе, Абайдай елі үшін күйсе, пайда емес, ардың жүгін көтерсе, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен жүрсе, алынбайтын асу қалмайды, – деді ШҚО әкімі.

Бұл сөздер Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен үндеседі. Президент Абай шығармашылығын қазақ және әлем мәдениетінің маңызды бөлігі деп атап, ұлы ойшыл халықтың болашағын білімнен, еңбекқорлықтан, жауапкершіліктен, бірлік пен келісімнен көргенін айтты.

– Оның тағылымы – халқымыздың адамгершілік темірқазығы әрі өмірлік жол көрсеткіші, – деді Мемлекет басшысы.

Облыс әкімінің сөзінде кітап оқу тақырыбына да ерекше орын берілді. Осы орайда Нұрымбет Сақтағанов Президенттің ұстанымын еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Шын мәнінде, кітап оқитын ұлт қана нағыз зиялы ұлт бола алады», – деген болатын.

Сөз соңында өңір басшысы Абайдың рухани мұрасы қазақстандықтарға әрдайым демеу болып, биік мақсаттарға жетелесін деген тілегін білдірді. Ол жұртты ақын армандаған білімді, еңбекқор әрі біртұтас қоғамды бірге құруға шақырды. Сондай-ақ елімізге бақ-береке, халқымызға тыныштық, мемлекетімізге өркендеу тіледі.

Новые статьи

Начало службы: молодые полицейские ВКО торжественно приняли присягу

Сегодня на площади Республики состоялся гарнизонный развод, в рамках которого более 50 молодых сотрудников Департамента полиции Восточно-Казахстанской области приняли присягу. Для них это был первый...

Левый берег Усть-Каменогорска получит гребной канал, Арбат и новую набережную

  Усть-Каменогорска может получить новое пространство для спорта, отдыха и городских мероприятий. Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с проектом развития инженерно-коммуникационной инфраструктуры этой части...

В ВКО прошёл дебатный турнир среди государственных служащих

В Восточно-Казахстанской области состоялся дебатный турнир среди государственных служащих на тему «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Основная цель мероприятия — повышение интеллектуального потенциала государственных...

Установлена последняя балка развязки на КШТ

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области ознакомился с ходом строительства транспортной развязки на пересечении проспекта Сатпаева и улицы Жибек Жолы в Усть-Каменогорске. Во время осмотра объекта...