Өскеменде дауылдан кейін электр желісі қалпына келтірілді

Өскеменде дауылдан кейін қаланың барлық тұрғын ауданында электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Дегенмен бригадалар саяжай алқаптарындағы апат салдарын жою, бағдаршамдар мен сыртқы жарықтандыру желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардағы негізгі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталған.

– Бұған дейін электр қуаты өшірілген барлық шағын ауданда электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта Понтон көпірінің маңы, Самсоновка және Лесхоз кенттеріндегі электр беру желілері мен 0,4 кВ желілерінде, жер үй тұрғындарының жекелеген өтініштері бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар коммуналдық қызметтер қала инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Қолайсыз ауа райы салдарынан істен шыққан 36 бағдаршамның 29-ы қайта іске қосылды. Сондай-ақ «Горсвет LTD» ЖШС мамандары сыртқы жарықтандыру желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Дауылдан кейін жалпы ұзындығы шамамен 1,2 шақырымды құрайтын оқшауланған сымның 29 аралығы қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта тағы алты учаскеде жұмыстар жалғасып жатыр, – делінген ақпаратта.

Нөсер жауынның салдарын жою жұмыстары да аяқталуға жақын. Жаңбыр суын сору бойынша келіп түскен 15 өтініштің 11-і орындалды. Қалған төрт учаскеде жұмыстар әлі де жалғасуда.

Новые статьи

Начало службы: молодые полицейские ВКО торжественно приняли присягу

Сегодня на площади Республики состоялся гарнизонный развод, в рамках которого более 50 молодых сотрудников Департамента полиции Восточно-Казахстанской области приняли присягу. Для них это был первый...

Левый берег Усть-Каменогорска получит гребной канал, Арбат и новую набережную

  Усть-Каменогорска может получить новое пространство для спорта, отдыха и городских мероприятий. Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с проектом развития инженерно-коммуникационной инфраструктуры этой части...

В ВКО прошёл дебатный турнир среди государственных служащих

В Восточно-Казахстанской области состоялся дебатный турнир среди государственных служащих на тему «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Основная цель мероприятия — повышение интеллектуального потенциала государственных...

Установлена последняя балка развязки на КШТ

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области ознакомился с ходом строительства транспортной развязки на пересечении проспекта Сатпаева и улицы Жибек Жолы в Усть-Каменогорске. Во время осмотра объекта...