Самар ауданында әйелге пышақпен шабуыл жасау фактісі бойынша тергеу басталды

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 25 шілде күні Самар ауылындағы дәмханалардың бірінде болған. Бұрынғы жұбайы жұмыс орнында оған шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ жарақатын салған.
— Мойныма пышақ тақағанда, бар күшіммен қолын қағып жіберуге тырыстым. Сол кезде ол менің құлағымның бір бөлігін кесіп жіберді. Қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатырмын, — дейді ол.
Сондай-ақ жәбірленуші бұрынғы күйеуі бұған дейін де өзін бірнеше рет пышақпен қорқытқанын айтып, өмірі мен алты баласының қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізді.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
— Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты жәбірленушімен қандай да бір байланыс жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді, – делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, қылмыстық істің тергелу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Новые статьи

Дорога, которую ждали годами

В Восточном Казахстане открыли дорогу на Рахмановские ключи. Для Катон-Карагайского района это не просто новый участок транспортной инфраструктуры, а долгожданный проект, который напрямую влияет...

Начало службы: молодые полицейские ВКО торжественно приняли присягу

Сегодня на площади Республики состоялся гарнизонный развод, в рамках которого более 50 молодых сотрудников Департамента полиции Восточно-Казахстанской области приняли присягу. Для них это был первый...

Левый берег Усть-Каменогорска получит гребной канал, Арбат и новую набережную

  Усть-Каменогорска может получить новое пространство для спорта, отдыха и городских мероприятий. Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с проектом развития инженерно-коммуникационной инфраструктуры этой части...

В ВКО прошёл дебатный турнир среди государственных служащих

В Восточно-Казахстанской области состоялся дебатный турнир среди государственных служащих на тему «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Основная цель мероприятия — повышение интеллектуального потенциала государственных...