Өскеменде КШТ бағытындағы жолайрықтың бір бөлігі ашылды

Өскемендегі Сәтбаев даңғылында салынып жатқан жаңа жолайрықпен алғашқы көліктер жүріп өтті. Әзірге жол өткелінің Қаныш Сәтбаев даңғылына бағытталған бір бөлігінде ғана техникалық қозғалысқа рұқсат берілді. Бұл учаскеде жылдамдық сағатына 40 шақырыммен шектелген.

Жолды ашуды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тапсырды. Бұл шешімді қабылдағанда тұрғындардың өтініші мен екінші оқу тоқсанының басталуы ескерілді. Жолайрық Сәтбаев даңғылы мен Базовая, Жібек жолы және Есенберлин көшелерінің қиылысында орналасқан. Жаңа нысан қаланың осы бір қозғалысы тығыз бөлігіндегі кептелісті азайтып, тұрғындардың жолға кететін уақытын қысқартуы тиіс.

Көлік қозғалысы жол бөліктерінің дайын болуына қарай кезең-кезеңімен ашылады. Қазір іске қосылған бағытта қажетті жол белгілері мен бөлу жолағындағы қосымша сигналдық бағандар орнатылды.

Өткен аптаның соңында жолайрықты және аяқталуға жақын қалған құрылыс жұмыстарын Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев барып көрді. Енді жолдың жүру бөлігіне деформациялық тігістерді орнатып, нөсер кәрізін толық аяқтау қалды. Арнайы тігістер өткелді ауа температурасының құбылуынан сақтаса, кәріз жүйесі жаңбыр мен еріген қар суын ағызып әкетуге қажет.

Деформациялық тігістер 8 қарашада жеткізіледі деп күтілуде. Оларды орнату кезінде жол толық жабылмайды – монтаж жұмыстары өткелдің екі жағында кезекпен жүргізіледі. Сол уақытта көліктер уақытша сызба бойынша қатынайды.

Ауа райы қолайлы болса, жол өткелінің Есенберлин көшесіне бағытталған екінші бөлігінде техникалық қозғалыс қарашаның соңына дейін ашылады. Ал тігістерді орнату толық аяқталып, екі бағыттағы қалыпты қозғалыс шамамен желтоқсанның басында іске қосылады.

Жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтап, жол белгілеріне және уақытша қозғалыс сызбасына мұқият болу сұралады.

Новые статьи

Заболеваемость ОРВИ в Казахстане снизилась на 44%

За неделю с 22 по 28 октября в Казахстане зарегистрировали 74 689 случаев острых респираторных вирусных инфекций (ОРВИ). Это на 44% ниже показателя аналогичного...

ШҚО-да алғаш рет миға стереотаксиялық ота жасалды

Өскеменде өңір бойынша алғаш рет миға жалпы наркозсыз жоғары технологиялық екі стереотаксиялық ота жасалды. Ота кезінде науқастар есін біліп жатты, ал нейрохирургтер жергілікті анестезия...

В ВКО впервые провели стереотаксические операции на мозге

В Усть-Каменогорске впервые в регионе провели две высокотехнологичные стереотаксические операции на головном мозге без общего наркоза. Пациенты находились в сознании, а нейрохирурги выполняли вмешательства...

Тарбағатай ауданында қоғамдық орындардың тазалығы тексерілді

ШҚО Тарбағатай ауданында санитарлық тазалық пен абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау үшін профилактикалық рейд өтті. Тексеру нәтижесінде екі әкімшілік хаттама толтырылып, тәртіп бұзғандарға ескерту жасалды. Мамандар...