Ақша жымқырған «Таза Өскемен» кәсіпорны басшыларының жазасы 7 жылға ұзартылды

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы басшылары мен кәсіпкерге бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша тағайындалған жазаны қатаңдатты.
Шілде айында бірінші сатыдағы сот айыпталушыларды алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, кәсіпорынның бұрынғы директоры Асхат Тәженовті 6 жылға, оның орынбасары Ардақ Әбділдиновті 5 жыл 6 айға, ал кәсіпкер Игорь Федосовты 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Апелляциялық сот бұл үкімнің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарды. Нәтижесінде үшеуіне де 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жаза мерзімінің ұлғаюына айыптау бабының өзгеруі себеп болған. Сот коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бұрынғы басшыларының әрекетін сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу немесе ысырап ету деп бағалады. Ал кәсіпкер қылмысқа көмектесуші ретінде танылды.

– Кәсіпорын жыл сайын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен Өскемен көшелері мен жолдарын күтіп ұстау бойынша 1,5 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасасқан. Осы жұмыстар аясында басшылар кәсіпкердің бақылауындағы фирмалармен тоғыз жалған келісімшарт жасасуды ұйымдастырған. Құжаттарда құм, жол битумы және басқа да материалдарды жеткізу, сондай-ақ қызметтер көрсету қарастырылған. Алайда тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген, ал жұмыстар орындалмаған. Қаражат шоттарға аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған және сотталушылар арасында бөлінген. Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 61,1 млн теңгені құрады, – деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметінен.

Айыпталушылардың үшеуі де мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Новые статьи

ШҚО-да ЖРВИ-мен сырқаттанушылық бір жылда 35%-ға төмендеді

Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы ЖРВИ-дің бес мыңнан астам жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға төмен. Науқастардың 3010-ы – 14...

Заболеваемость ОРВИ в ВКО снизилась на 35% за год

В Восточно-Казахстанской области с начала эпидемиологического сезона зарегистрировали более пяти тыс. случаев ОРВИ. При этом заболеваемость на 35% ниже, чем за аналогичный период прошлого...

Өскемен әкімі мектептер маңындағы жарықтандыру мәселесін шешуді тапсырды

Өскемен тұрғындары мектепке баратын жолдарда жарықтың жеткіліксіз екеніне әлі де шағымданып жатыр. Бұл әсіресе үйіне қараңғы түскенде қайтатын екінші ауысым оқушыларына қиындық туғызып отыр. Қаланы...

Аким Усть-Каменогорска поручил устранить проблемы с освещением возле школ

Жители Усть-Каменогорска продолжают жаловаться на недостаточное освещение подходов к школам. Особенно остро проблема стоит для учеников второй смены, которые возвращаются домой в темное время...