Өскеменде тазалықты бейнекамералар қадағалайды

Өскеменде бейнебақылау камералары тұрғындардың қоғамдық орындарда шекілдеуік қабығы мен темекі тұқылдарын тастағанын тіркеді. Барлық дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар рәсімделді.

Құқық бұзушылықтар «Таза Қазақстан» аясында анықталды. Әл-Фараби даңғылында 42 жастағы әйел шекілдеуік қабығын жерге тастаған.

30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде бірден үш құқық бұзушылық тіркелді. Онда 38 жастағы ер адам мен 18 жастағы қыздар темекі шеккеннен кейін тұқылдарын жерге тастаған.

Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде 19 және 35 жастағы азаматтар темекі тұқылдарын қоршау құбырының ішіне тастаған. Қоқысты осылай «жою» да әкімшілік материалдар рәсімдеуге негіз болды.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша материалдар рәсімделді. Баптың санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.

Новые статьи

Заболеваемость ОРВИ в ВКО снизилась на 35% за год

В Восточно-Казахстанской области с начала эпидемиологического сезона зарегистрировали более пяти тыс. случаев ОРВИ. При этом заболеваемость на 35% ниже, чем за аналогичный период прошлого...

Өскемен әкімі мектептер маңындағы жарықтандыру мәселесін шешуді тапсырды

Өскемен тұрғындары мектепке баратын жолдарда жарықтың жеткіліксіз екеніне әлі де шағымданып жатыр. Бұл әсіресе үйіне қараңғы түскенде қайтатын екінші ауысым оқушыларына қиындық туғызып отыр. Қаланы...

Аким Усть-Каменогорска поручил устранить проблемы с освещением возле школ

Жители Усть-Каменогорска продолжают жаловаться на недостаточное освещение подходов к школам. Особенно остро проблема стоит для учеников второй смены, которые возвращаются домой в темное время...

В Усть-Каменогорске камеры следят за чистотой

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали, как жители выбрасывают шелуху от семечек и окурки в общественных местах. По всем фактам оформили материалы об административных правонарушениях. Нарушения...