ШҚО-да «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Веселовка ауылында «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысты. Елді мекендерде төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Әсіресе, өрт шыққан жағдайда құтқарушылардың оқиға орнына уақтылы жетуі адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады. Осы тұрғыдан алғанда, Веселовкадағы жаңа бекет ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанға айналып отыр.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша мән беріп келеді. Жаңа бекет ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге, адам өмірін сақтап, шығынның алдын алуға мүмкіндік береді. «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында облыста жалпы саны 19 өрт сөндіру бекеті ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті ауылдың сенімді қорғанына айналсын!», – деді аймақ басшысы.
Нұрымбет Сақтағанов бекеттің ашылуына үлес қосқан азаматтарға алғыс айтып, осында қызмет атқаратын өрт сөндірушілерге сәттілік тіледі.
Ашылу салтанатында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан азаматтар да марапатталды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес, «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен «ПГС-Недра» ЖШС директоры Тимур Виситаев марапатталды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты аталған серіктестіктің жоба менеджері Сергей Терскихке табысталды.
Қажетті техника және құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілген жаңа өрт сөндіру бекетінің іске қосылуы — ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Новые статьи

АФМ не подтвердило связь квартир родственников Перизат Кайрат в Дубае с преступными доходами

Агентство по финансовому мониторингу Казахстана заявило, что не обнаружило финансовых связей между осужденной Перизат Кайрат и родственниками, которым, по данным анонимного Telegram-канала, принадлежат несколько...

Самозанятым в Казахстане объяснили, как получить статус застрахованного в ОСМС

С 1 января 2026 года в Казахстане действует специальный налоговый режим для самозанятых. Он позволяет самостоятельно работающим гражданам уплачивать налоги и социальные платежи в...

Flydubai запустила еженедельные грузовые рейсы между Алматы и Дубаем

Авиакомпания flydubai открыла прямое грузовое авиасообщение между Алматы и Дубаем. Первый рейс встретили в международном аэропорту Алматы традиционной водной аркой. Грузовые перевозки по маршруту Дубай...

ШҚО-да жаңбыр аралас қар жауып, күн суытады

Шығыс Қазақстан облысында алдағы күндері күн суытып, жаңбыр аралас қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ күтіліп отыр. Түнде өңірдің шығыс аумағында ауа температурасы −5 градусқа дейін...