Шығыс Қазақстанда сирек жер металдарын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылады

Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін жер және өзге де стратегиялық маңызды металдарды игерудің жаңа кезеңіне жол ашатын жобалық кеңсе құрылып, оның жанынан ғылыми-техникалық орталық ұйымдастырылады. Бүгін бұл бағыттағы жұмысты үйлестіру мақсатында өткен жиналысқа аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа индустриялық саясатында сирек жер металдарын игеруге, геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуге, озық технологияларды тартуға және шикізатты терең өңдеуге ерекше мән беріп келеді.
Шығыс Қазақстанның бұл саладағы мүмкіндігі жоғары. Өңір тарихи тұрғыдан еліміздің негізгі тау-кен металлургия және геологиялық аймақтарының бірі саналады. Бізге геологияны, ғылымды, өндірісті, технология мен инвестицияны бір жүйеге біріктіретін нақты жұмыс тетігі қажет», — деді облыс әкімі.

Жобалық кеңсе геологиялық ақпаратты жинақтап, жүйелеп қана қоймай, әлеуеті зор жобаларды геологиялық барлаудан бастап зертханалық растау, технологиялық шешім, инвестиция тарту және өнеркәсіптік игеруге дейін сүйемелдейтін болады. Кеңсе мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қайталамайды. Лицензиялау, мемлекеттік геологиялық бақылау, сараптама және өзге де рұқсат беру функциялары заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардың құзыретінде қалады. Ал жобалық кеңестің негізгі міндеті — ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, қажетті материалдарды әзірлеу, бірлескен жұмысты ұйымдастыру және нақты жобалардың іске асуын жеделдету.

Кеңсе жұмысына жетекшілік ету міндеті облыс әкімінің кеңесшісі Нұрбол Нұрғалиевке жүктелді. Оның тау-кен, қатты пайдалы қазбалар саласында тәжірибесі мол.

Өңірдің ғылыми әлеуетін өндірістік міндеттермен ұштастыру мақсатында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында ғылыми-техникалық орталық құрылмақ.
Орталық жобалық кеңсенің ғылыми-технологиялық платформасына айналуы тиіс. Мұнда қолданыстағы зертханалық база, халықаралық әріптестік және ғылыми байланыстар барынша пайдаланылмақ. Ғылыми-техникалық орталық аясында гранттық қаржыландыруға өтінімдер әзірлеу, қолданбалы зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды сынақтан өткізу және осы салаға қажетті кадрларды даярлау бағыттары қамтылады.

Аймақ басшысы барлық бейінді басқармалар жобалық кеңсе жұмысына өз құзыреті шегінде қатысуы керектігін атап өтті.

«Бұл жұмыстың басты көрсеткіші құжаттардың саны емес. Біз жаңа геологиялық деректерге, технологиялық шешімдерге, тартылған қаржыға және болашақта өнеркәсіптік игеруге әрі Қазақстанда терең өңдеуге мүмкіндік беретін жобаларға қол жеткізуіміз керек», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жобалық кеңсенің жұмысы кезең-кезеңімен бақылауда болады. Апта сайын жұмыс кеңесі өткізіліп, ай сайын облыс әкімінің бірінші орынбасарына есеп беріледі. Ал тоқсан сайын атқарылған жұмыстар облыс әкімі деңгейінде қаралады.

Новые статьи

Проектный офис по развитию редкоземельных металлов будет создан в ВКО

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов встретился с представителями Назарбаев Университета. Стороны обсудили сотрудничество с вузами региона в сфере образования и науки, в том числе...

В ВКО 31 октября пройдет День открытых дверей по раннему выявлению рака молочной железы

31 октября в организациях первичной медико-санитарной помощи и Восточно-Казахстанском многопрофильном центре онкологии и хирургии пройдет День открытых дверей. Женщины смогут бесплатно получить консультации специалистов...

Годовая инфляция в Казахстане в сентябре замедлилась до 9,3 процента

Годовая инфляция в Казахстане в сентябре 2026 года составила 9,3 процента, снизившись на 0,5 процентного пункта по сравнению с августом. За месяц цены выросли...

Умный город без фантастики: как технологии меняют Усть-Каменогорск

Когда говорят о Smart City, легко представить город из научно-фантастического фильма, где светофоры сами перестраивают движение, искусственный интеллект управляет всем вокруг, а роботы убирают...