в

Марқакөл ауданының кей жерлерінде қар қалыңдығы 15 см-ге жетті

Марқакөл ауданының таулы жерлерінде қар қалыңдап барады. Бүгін қар жабынының қалыңдығы кей жерлерде 10-15 сантиметрді құрап, ауа температурасы -5-12°С аралығында құбылып тұр.

Жалпы Марқакөлде жыл сайын қыс ызғарлы, қарлы болады. Мұнда Қазақстандағы ең суық жер орналасқан. Орташа тәуліктік температура 0°С-тан төмен болатын кез 203 күнге созылады.

— Қыста температура кейде -45°С-қа, кейде -53°С-қа дейін төмендейді. Желтоқсаннан ақпанға дейін бірнеше апта бойы температура -35-40°С шамасында болады. Марқакөлге алғашқы қар тамыздың басында жауады. Кей жағдайларда 15-20 сантиметрлік қар тамызда да түсуі мүмкін, бірақ ол тез еріп кетеді. Құрқұм жотасының шыңдарын қыркүйекте ақ қар жабады, — деп хабарлады Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығынан.

Қар жабыны 110-170 күнге сақталады. Орташа қар қалыңдығы 87 сантиметр шамасында, ал қардың ең көп жиналуы наурыздың бірінші-екінші онкүндігінде тіркеледі. Кей жылдары қардың қалыңдығы 150-200 сантиметрге дейін жеткен. Ең көп қар жауған қыс 1996-1997, 1997-1998, 2000-2001 жылдары болды.

Из ВКО за пределы Казахстана выдворены шесть иностранцев, нарушивших миграционное законодательство

ШҚО-дағы жылу көздерінде 20 тәулікке жететін көмір қоры бар