Абай облысында соңғы қола дәуіріне жататын ірі өндірістік аймақтың орны анықталды

Археологтар бұл нысанды Еуразия даласында баламасы жоқ ерекше ескерткіш деп бағалап отыр. Алдын ала деректерге қарағанда, қалашық қола дәуірінің соңғы кезеңінде жоспарланып салынған металлургиялық орталық болған.
— Ашылған ескерткіштің ерекшелігі оның нақты жоспарланған құрылымының болуы. Қалашықтың аумағы рет-ретімен, түзу сызық бойымен орналасқан құрылыстардан тұрады. Арнайы ойластырылған қала үлгісіндегі бұл нысан Қазақстан аумағындағы қола дәуіріне тән ең жүйелі жоспарланған археологиялық аймақ болып отыр, – деді Торайғыров университеті Археологиялық зерттеулер орталығының директоры, профессор Виктор Мерц.
Мамандардың айтуынша, қоныс тек өндірістік орын ғана емес, сол кезеңдегі идеологиялық және әлеуметтік орталық болуы ықтимал. Қалашықтың архитектуралық ерекшеліктері оның сол дәуірдің дүниетанымымен байланысты екенін көрсетеді. Тік бұрышты пішінге ие құрылымның күншығысқа қарай бағытталуы да осыны дәлелдейді.
Зерттеу тобы аймақта табылған артефактілердің ғылыми құндылығын паш етеді.
— Аймақта табылған артефактілер де қоныстың ауқымын айғақтайды. Қазіргі таңда зерттеу орталығында балта, орақ, қанжар, пышақ, жебе ұштары, металл шиыршықтары және әртүрлі құрал-сайман бөлшектері сақтаулы. Сонымен қатар ағаш пен сүйекті өңдеуге арналған қола аралар да табылған. Әрбір жәдігердің өлшемі, салмағы тіркеліп, графикалық реконструкция жасалып, металл құрамына спектралды талдау жүргізілуде, – дейді зерттеушілер.
Зерттеліп жатқан аумақтың жалпы көлемі шамамен 140 гектарды құрайды. Археологтар бұны бір ғана қоныс үшін өте үлкен аумақ деп есептейді. Сканерлеу жұмыстары нәтижесінде қалашық аумағында металл балқытатын пештердің болғаны анықталған. Келесі жылы ғылыми топ металлургиялық нысандарды толық зерттеуді жоспарлап отыр.
Археологиялық материалдар бұл өңірдің өндірістік қана емес, мәдени, сауда және саяси маңызы зор орталық болғанын көрсетеді. Бірнеше тайпаның өкілдері осында тоғысып, көрші елдермен байланыс жасағаны байқалады.
— Қалашықтың тіршілігі неліктен тоқтағаны әзірге белгісіз. Бұл сұраққа алдағы зерттеу нәтижелері жауап береді. Бұл жерде қоныс дамыған, көпсалалы қоғам қолайлы өмір сүрген, – деді профессор.

Новые статьи

00:06:31

Гимнастки из Усть-Каменогорска вошли в число сильнейших на чемпионате Азии

Команда Space из Усть-Каменогорска достойно представила Восточно-Казахстанскую область на Кубке мира и чемпионате Азии по эстетической групповой гимнастике, которые проходят 13–14 июня в Астане. В...

В Восточном Казахстане определили победителей конкурса «Лучший товар Казахстана – 2026»

В Усть-Каменогорске состоялся региональный этап конкурса-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026», объединивший ведущие предприятия Восточно-Казахстанской области. Участники представили продукцию пищевой, легкой и строительной промышленности,...

В Усть-Каменогорске проходят ежегодные региональные конкурс-выставки «Лучший товар Казахстана – 2026» и «Одно село – один продукт»

На выставочной площадке региона собрали местных производителей, предпринимателей, ремесленников и проекты, которые показывают бизнес ВКО. За стендами – реальные товары, рабочие производства и люди,...

Стаж, ЕНПФ и пороги – что нужно знать будущим пенсионерам

В Казахстане разъяснили порядок назначения пенсионных выплат по возрасту. Согласно главе 15 Социального кодекса, граждане Республики Казахстан, а также иностранцы и лица без гражданства,...