ШҚО-дағы жылу көздерінде 20 тәулікке жететін көмір қоры бар

Шығыс Қазақстан облысында 1 қазанда жылыту маусымы ресми түрде басталды. Өңірдің қысқа дайындығы сақадай сай, көмір қоры да жеткілікті.

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың айтуынша, қазіргі таңда облыста тұрғындар үшін 352,1 мың тонна көмір дайындалған. Бұл жоспарланған көлемнің 78 пайызын құрайды. Өңірдегі үш жылу электр орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Барлық жылу көздерінде кемінде 20 тәулікке жететін нормативтік отын қоры бар. Көмір тасымалы мен баға бақылауы күн сайын жүргізіледі.

Ең алғашқылардың бірі болып Өскемен, Риддер қалаларының, Алтай, Үлкен Нарын, Глубокое, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Ұлан және Шемонаиха аудандарының тұрғындары жылуға қосылды. Катонқарағай және Самар аудандарында жылу 3 қазанда, Марқакөл ауданында 4 қазанда берілген. Облыстағы барлық әлеуметтік нысандар — мектептер, ауруханалар, балабақшалар толық жылумен қамтамасыз етілген. Тұрғын үйлерді жылуға қосу техникалық талаптарды сақтай отырып, бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылып келеді.

Жылыту маусымына дайындық аясында аймақ бойынша 190 автономды және 33 орталықтандырылған қазандық жөндеуден өтті. 52,8 шақырым жылу желісі, 537 шақырым электр жеткізу желісі жаңартылып, 39 қосалқы станса мен 55 трансформаторлық пункт жөнделді.

Қолайсыз ауа райында апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында 243 шақырым электр желісінің бойындағы ағаштар кесілді. Төтенше жағдай туындар болса жедел әрекет ету үшін қажетті техникамен және материалдармен толық жабдықталған апаттық бригадалар құрылды. Жүйедегі ақаулар кезінде әрекет ету алгоритмдері әзірленген.

Новые статьи

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...