в

ШҚО тұрғыны экологиялық куәліктен бас тарту туралы шешімді сот арқылы заңсыз деп танытты

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылында тұратын әйелге экологиялық қауіпті аймақта тұрғанын растайтын куәлікті беруден бас тартқан уәкілетті органның әрекеті сот арқылы заңсыз деп танылды. Бас тарту себебі — тиісті құжаттардың болмауы деп көрсетілген.

Алайда «Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес, 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта жерасты ядролық жарылыстары жүргізілген аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет өткерген азаматтар зардап шеккендер ретінде танылады. Мұндай азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақылар алуға құқық беретін арнайы куәліктер беріледі.

Глубокое аудандық соты істі қарап, талапкердің 1990 жылы сегіз ай бойы Белоусовка кентінде тұрғанын растайтын жеткілікті дәлелдер бар деген шешімге келді. Бұл елді мекен — радиациялық қауіпті аймақ ретінде танылған.

— Сот талапкердің 1990 жылы Семей ядролық сынақ полигонының ықпал еткен аймағында сегіз ай тұрғанын заңды деп тауып, талап-арызды қанағаттандырды, — делінген үкімде.

Акимат ВКО усиливает диалог с бизнесом через новый деловой совет

Самарда қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті