Самарда қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті

Самар ауданында дауыл соқты. Метеорологтардың мәліметінше, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

— Дауыл салдарынан бірнеше көпқабатты тұрғын үй мен ауыл шаруашылығына арналған жеке құрылыстардың шатырларына зақым келді. Сонымен қатар электр беру желілері мен байланыс бағандары құлаған, — дейді аудан әкімі Серік Жеңісов.

Оқиға орнына бірден Төтенше жағдайлар департаментінің жедел бригадалары, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және «ШҚ ОЭСК» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ мамандары жұмылдырылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, бүгін елді мекендерде электр қуаты толық қалпына келтіріледі деп жоспарланып отыр.

— Бүлінген шатырларға қатысты жақын күндері тиісті қаулы қабылданады. Қазіргі уақытта келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Құрылыс материалдарын Өскеменнен жеткізу жұмыстары басталып кетті, — дейді Серік Жеңісов.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...