Күршім ауданы Маралды ауылында алтын өндіретін зауыт ресми түрде ашылды

Бүгінде кәсіпорын қажетті барлық рұқсат қағаздарын алған. Экологиялық және басқа да кодекстерді бұзу фактілері анықталмады. Еске салсақ, бұған дейін алтын өндіретін зауыт салынуы бойынша бірнеше рет дөңгелек үстелдер мен қоғамдық тыңдаулар өткізілген. Онда аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жағдайды жан-жақты талдау негізінде толық жауаптар алды. Зауыт су айдындарына еш әсер етпейді. Сонымен қатар ол елді мекендерден едәуір қашықта орналасқан. Алтынды осындай әдіспен әлемде мыңдаған кәсіпорын өндіреді. Бұл Қазақстандағы осындай алғашқы зауыт емес.

Зауыттың ашылуы ауданға мультипликативті экономикалық әсерін (салықтар, халық үшін жұмыс орындарын құру) тигізеді. Компания әлеуметтік міндеттемелерді де өз мойнына алған. Ол міндеттемелерін бірнеше жыл бойы орындап келеді. Олардың қатарында Маралды ауылына көмір сатып алу, жол жөндеу, түлектерді оқыту, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету бар. Компания жоғары әлеуметтік жауапкершілікті көрсетіп отыр, себебі қазір Маралдыны депрессивті елді мекен деп санауға болады. Ал өндірістің ашылуы оның дамуына жаңа серпін беріп, басқа ауылдар мен қалаларға кетіп жатқан адамдар ағынын айтарлықтай азайтады, ауылға мамандарды тартады және Күршім ауданы экономикасының дамуына елеулі үлес қосады.

Новые статьи

В Казахстане запустили онлайн-сервис для жертвоприношений на Курбан айт

Духовное управление мусульман Казахстана запустило специальный онлайн-сервис для проведения обряда жертвоприношения в дни Курбан айта. Платформа доступна на сайте qurban.muftyat.kz. В этом году казахстанцы смогут...

На «Казцинке» рассказали, какое оборудование пострадало при ЧП

В компании «Казцинк» прокомментировали ситуацию с оборудованием, поврежденным во время недавнего чрезвычайного происшествия на металлургической площадке в Усть-Каменогорске. Ранее среди жителей города появились предположения, что...

«Казцинк» кәсіпорнында қандай қондырғы жарылғаны айтылды

Өскемен қаласындағы «Казцинк» компаниясының өкілдері апат кезінде зақымданған қондырғыға қатысты мән-жайды түсіндіріп берді. Қала тұрғындарының арасында кәсіпорындағы ауа тазарту құрылғыларының бірі жарылған болуы мүмкін деген...

В ВКО благодаря проекту «URPAQ» удалось предотвратить подростковое насилие

В Восточно-Казахстанской области благодаря проекту «URPAQ» удалось предотвратить возможный случай подросткового насилия. Как сообщили в прокуратуре ВКО, в апреле этого года в анонимный Telegram-бот...