Өскемендегі «Металлург» саябағынан Олимпиада чемпионының мүсіні жоғалып кетті

Өскемен тұрғындары «Металлург» саябағынан белгілі қазақстандық балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров мүсінінің жоғалып кеткеніне алаңдап отыр. Жуырда ғана ескерткіш тұрған орында қазір тек тұғыр ғана қалған. Жағдай көпке түсініксіз: есімі тарихта алтын әріптермен қалған чемпионның аты берілген көше бар да, ал саябақтағы мүсіні енді жоқ.

Осыдан бір жыл бұрын қалада әлем чемпионы әрі Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі көшеге берілген болатын. Көршілес саябақта спортшының мүсіні де орнатылған-тұғын. Олимпиада чемпионына арналған туындының авторы — мүсінші Ербол Зиябеков. Ол Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров ескерткішінің де авторы. Күзгі-қысқы маусым қарсаңында мүсін жауын-шашыннан қорғау үшін полиэтиленмен қапталған. Алайда мамыр айында саябақ қайта ашылған кезде тұрғындар ескерткіштің орнында жоқ екенін байқаған.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, мүсін жоғалып кеткен жоқ, қазіргі уақытта сақтауға қойылған. Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әмина Құрманжанқызының айтуынша, қазір ескерткішті басқа орынға көшіру мәселесі қарастырылып жатыр.

– Бұл мүсін алғашында Металлург саябағына қойылған болатын. Алайда тақырыптық және идеологиялық тұрғыда саябақтың тақырыбына сәйкес келмегендіктен, қазір оны басқа жерге орнату мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда мүсін әкімдіктің жауапты сақтауында тұр. Бұл мәселе спорт ардагерлері мен еңбек сіңірген спорт қайраткерлерімен бірлесіп талқылануда, – деді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Яғни әкімдік пайымынша, Олимпиада чемпионына арналған ескерткіш ойын-сауық саябағының аумағына «тақырыптық және идеологиялық» жағынан сәйкес келмеген. Қазір мүсінге жаңа орын іздестіріліп жатыр, ал бұл мәселе спорт ардагерлері мен сала мамандарының қатысуымен талқыланып жатыр. Алайда ескерткішті алып тастамас бұрын жаңа орнын анықтап, кейін көшіруге не кедергі болғаны беймәлім.

 

 

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...

Бригада скорой помощи ВКО спасла двух пациентов в критическом состоянии

В октябре бригада № 4 Восточно-Казахстанской областной станции скорой медицинской помощи дважды оказала экстренную помощь пациентам в критическом состоянии. В одном случае медики восстановили...