в

Өскемендегі көпірдің бір бөлігі желтоқсанға дейін жабылады

Облыс орталығындағы Понтон көпірінде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Оған себеп — жөндеу жұмыстары. Келер аптадан бастап көпірдің бір бөлігімен көліктер жүре алмайды. Бұл туралы Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен мәлім етті.

— Тоғас көшесіндегі көпір астындағы қысым коллекторын ауыстыру жұмыстарына байланысты көпірдің бір жағы көлік қозғалысы үшін жабылады. Көліктер көпірдің екінші бөлігінде екі бағытта да жүретін болады, — делінген ақпаратта.

Жөндеу жұмыстары желтоқсанның ортасына дейін созылмақ.

В Казахстане выбрали «Лучших педагогов дошкольных организаций»

Шығыс Қазақстанда референдум күні 538 учаске жұмыс істейді