ШҚО-да жаңа нысандарды жылумен қамтып, өнеркәсіпті қолдау жоспарланып отыр

Өскемен қаласының энергетикалық инфрақұрылымын дамыту шаһар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергияға деген сұранысының артуымен байланысты. Негізгі басымдықтардың қатарында жылу электр орталығын кеңейту және Өскемен титан-магний комбинатын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері бар.

Биыл облыс орталығында Өскемен ЖЭО-ны кеңейтуге бағытталған, құны 140 млрд теңгені құрайтын үш жылдық жобаны іске асыру басталды. Соның аясында электр қуаты 100 МВт болатын турбоагрегат пен жылу қуаты сағатына 130 Гкал болатын қазандық агрегатын орнату көзделген.

Жаңа қуат көздері қаланың жылуға деген қажеттілігін өтеуге және жаңадан салынған нысандарды жылу желілеріне қосуға мүмкіндік береді. Жобаға сәйкес, орталықты кеңейту нәтижесінде қосымша 400-ден астам тұрғын үйді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды жылумен қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар заманауи шаң-газ тазарту жүйелерін енгізу атмосфераға таралатын үлестік шығарындыларды 12,7%-ға азайтуға мүмкіндік бермек.

Жобаны іске асыру барысында 560-қа дейін жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 53-і тұрақты жұмыс орны болмақ. Құрылыс жұмыстарына қазақстандық мамандарды тарту көзделген. Ал арнайы жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарына оларды өндіруші кәсіпорындар мен мердігер ұйымдардың бейінді мамандары қатысады. Олардың жұмысы құрылыс кестесіне сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Тағы бір маңызды мәселе — Өскемен титан-магний комбинатын электр энергиясымен қамтамасыз ету. Кәсіпорын титан кеуегін, құймаларды, қорытпалар мен тауарлық магний өндіреді. Оның өнімдері шетелдік нарықтарға экспортталып, соның ішінде авиағарыш саласында қолданылады.

Титан мен магний өндіру үшін электр энергиясының едәуір көлемі қажет әрі оның үздіксіз берілуі маңызды. Комбинаттың мәліметінше, электр энергиясы құнының өсуі өнімнің өзіндік құнын арттырып, кәсіпорынның одан әрі даму мүмкіндіктеріне әсер еткен. Бұл ретте кәсіпорынға 2023-2033 жылдарға арналған жаңғырту бағдарламасы аясында 207 млрд теңге инвестиция құю жоспарланған.

Комбинатты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін Өскемен СЭС-інің мүліктік кешенін оның еншілес компаниясы — «UKTMP Green Power» ЖШС-ға ұзақ мерзімді жалға беру мәселесі пысықталып жатыр. Ұсынылып отырған жалдау мерзімі — 10 жыл, оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Талқыланып жатқан шарттарға сәйкес, СЭС өндірістік персоналының саны мен жалақысы сақталуы тиіс. Сондай-ақ станцияның инвестициялық бағдарламасын қаржыландыру жалға алушының міндетіне жүктеліп, өндірілген артық электр энергиясы Бірыңғай сатып алушыға сатылмақ. Мәміленің түпкілікті талаптары әлі де келісу сатысында.

Аталған жобаларды іске асыру энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, өнеркәсіпті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырады. Сонымен қатар қаладағы нысандарды жылу желілеріне қосу мүмкіндігін кеңейтеді деп күтілуде.

Новые статьи

В Казахстане автоматизировали поиск доходов должников по алиментам

В Казахстане внедрили систему, которая помогает судебным исполнителям выявлять источники доходов должников по алиментам и принимать меры для взыскания задолженности. Она обменивается данными с...

В селе Белокаменка пожар повредил жилой дом

В селе Белокаменка Глубоковского района огонь повредил деревянные конструкции стен, окна, двери и мебель в частном доме. Пострадавших нет. По информации МЧС, сотрудники оперативно потушили...

В День Республики в районе Самар родилась девочка

25 октября, в День Республики Казахстан, в районе Самар родилась девочка по имени Ульяна. Для ее мамы, Алины Василенко, государственный праздник стал вдвойне радостным...

На трассе Алматы–Усть-Каменогорск перевернулся грузовик

Дорожная авария произошла 23 октября на 1600-м километре автодороги Алматы–Усть-Каменогорск. В результате опрокидывания грузового автомобиля никто не пострадал. По предварительным данным департамента полиции области Абай,...