Қыстау-Күршімде жаңа мектеп ашылды

Күршім ауданының Қыстау-Күршім ауылында Республика күніне орай негізгі орта мектептің жаңа ғимараты ашылды. Енді балалар заманауи жабдықтары бар кең сыныптарда оқып, зертханалық тәжірибелер жасайды. Сондай-ақ ескі мектепте болмаған спорт залында жаттыға алады.

Бұрынғы мектеп 1974 жылы салынып, 1975 жылы пайдалануға берілген. 80 оқушыға арналған ғимарат 51 жыл қызмет етіп, қазір апатты жағдайда тұр. Ал бастауыш сыныптардағы балалар саны жыл сайын артып келеді.

Жаңа мектептің құрылысы бір жыл бұрын басталған. 50 орындық ғимаратта оқушылар бір ауысымда білім алады. Мұнда ауылдағы барлық оқушы оқиды.

Ашылу салтанатында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов әр бала туған жері мен тұрғылықты мекеніне қарамастан сапалы білім алуға тиіс екенін атап өтті. Өңір басшысы балаларға осындай жағдай жасалуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас ұрпаққа тең мүмкіндік беруге бағытталған дәйекті саясатымен байланыстырды. Мемлекет басшысы педагогтердің Тамыз конференциясында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы азайып келе жатқанын, алайда бұл бағыттағы жұмыс әлі аяқталмағанын айтқан еді.

– Білім сапасындағы өңірлік алшақтықты жою қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын дамытып, жоғары білікті мамандар тарту қажеттігін айтты.

Нұрымбет Сақтағанов мектептің Республика күніне орай ашылуының мәні ерекше екенін айтты. Оның сөзінше, ауыл үшін бұл нысанның маңызы тек білім берумен шектелмейді. Әкім робототехника сыныбына сертификат табыстады.

Жаңа ғимаратта пән кабинеттері мен зертханалар жабдықталып, заманауи парталар қойылған. Интернет, акт залы және асхана бар. Мектеп аумағы абаттандырылған. Ғимарат электрмен жылытылады.

Оқушылар химия мен биологиядан тәжірибе жасауға мүмкіндік туғанына қуанышты. Спорт залының ашылуы да оларды ерекше қуантты. Ескі ғимаратта спорт залы болмағандықтан, балалар дене шынықтыру сабағын көбіне далада өткізетін. Мектеп оқушыларының өз футбол командасы бар. Енді олар жаңа залда жаттыға алады. Ал мектеп жанында былтыр жабдықталған футбол алаңы орналасқан.

Ауылдың ең кішкентай тұрғындарына да жағдай жасалды. Бұған дейін ауылда балабақша болмаған. Енді мектеп жанынан шағын орталық ашылып, оған алғашқы алты бала бара бастады. Осылайша мектеп, мектепке дейінгі шағын орталық пен спорт алаңдары бір жерге шоғырланды.

Мектеп директоры Назым Рыспаева жаңа ғимараттың ашылуы барша ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш екенін айтты. Мектептегі 26 қызметкердің 13-і – педагог, 13-і – техникалық және көмекші қызметкер. Мұнда мұғалім тапшылығы жоқ.

Жергілікті кәсіпорынның қолдауымен екі пәтер сатып алынған. Ауылға балалары бар екі отбасы көшіп келді. Келген мамандардың арасында физика пәнінің мұғалімі, тарих пәнінің мұғалімі және мектептің техникалық қызметкері бар.

Тұрғындар фабрикада жұмыс істейді, ауыл шаруашылығымен айналысады, шаруа қожалықтарын жүргізеді. Олар жаңа мектептің ашылуы ауылға отбасылардың көшіп келуіне ықпал етеді деп үміттенеді. Өйткені қазір балалардың білім алып, тәрбие көруіне жағдай бар.

Ашылу салтанаты кезінде алғашқы қар жауды. Ауылдың байырғы тұрғындары мұны жақсылыққа жорыды. Ал балалары жаңа мектепке, өз спорт залы мен шағын орталыққа қол жеткізген шағын ауыл үшін бұл күн онсыз да ерекше болды.

Новые статьи

В Казахстане число интернет-мошенничеств снизилось на 21%

За девять месяцев 2026 года полиция Казахстана зарегистрировала на 21% меньше интернет-мошенничеств, чем за аналогичный период ранее. При этом раскрываемость таких преступлений выросла до...

Коммунальщики Усть-Каменогорска перешли на круглосуточный режим работы из-за непогоды

В областном центре продолжаются дожди со снегом, поэтому городские службы работают в усиленном режиме. Ночью коммунальщики очищали проезжую часть, тротуары и мосты от снега,...

Казахстан и ИКАО договорились укреплять сотрудничество в сфере гражданской авиации

Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов встретился с генеральным секретарем Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуаном Карлосом Саласаром, прибывшим в Астану на Неделю авиационной безопасности 2026....

В Казахстане смертность новорожденных снизилась до трех случаев на тысячу родившихся

Казахстан достиг самого низкого показателя смертности новорожденных среди стран Центральной Азии. По приведенным данным, он составляет три случая на тысячу живорождений. Страна также досрочно...