Аюлар, ұйықтайтын кез келді! ШҚО тұрғындары маймақтардың әлегінен қашан құтылады?

Биыл жаз бен күзде аюлар Шығыс Қазақстан тұрғындарын әбден әбігерге салды. Тайга қожайындары Риддер көшелерін еркін кезіп, саяжайларға кіріп, омарталарды ойрандап, ауыл тұрғындарының үрейін ұшырып жүр. Көршілес Ресейдің Алтай өңірінде де жағдай мәз емес: жыртқышпен кездесу қайғылы аяқталды. Маймақтар апандарына қашан кетеді? Осы сұрақты ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарына қойдық.

Мамандар аюлар қазан айының соңына дейін қысқы ұйқыға кетеді деп болжап отыр. Аңшылық мамандарының айтуынша, аюлар апандарын дайындап қойған. Алайда күздің әдеттегіден жылы болуы олардың белсенді жүретін кезеңін ұзартып жіберді. Ауа райы мүмкіндік беріп тұрғанда жануарлар қорек іздеп, ұзақ қыстауға қажет май қорын жинауды жалғастырады.

Қазір ауа температурасы біртіндеп төмендеп келеді. Демек, табиғат өз дегенін жасайды. Тұрақты суық түскенде аюлар апандарына кіріп, ұзақ қыс айларын сонда өткізеді. Дегенмен мамандардың ескертуінше, аюлардың бәрі «апанға!» деген пәрмен берілгендей бір мезетте ұйқыға кетпейді. Сондықтан күн суытса да, жыртқышпен бетпе-бет келу қаупі толық жойылмайды.

Қазір әсіресе саңырауқұлақ терушілер сақ болғаны жөн. Күзгі орман әлі де саңырауқұлағымен қызықтырғанымен, дәл сол жерде қысқа дайындалып жүрген аюға күтпеген жерден тап болуыңыз мүмкін. Мамандар орманға жалғыз бармауға, қалың бұталардың арасынан аулақ жүруге және жүргенде дыбыс шығарып отыруға кеңес береді.

Жақын маңнан аю көрінсе, қашуға, оған жақындауға немесе суретке түсіруге тырысуға болмайды. Сабыр сақтап, одан баяу алыстау керек. Әсіресе қонжықтарын ерткен ұрғашы аюға кезігу қауіпті. Қонжықтар зиянсыз көрінгенімен, енесі дәл жанында болуы мүмкін.

Жыл басынан бері ғана орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағына аюлардың пайда болуына байланысты 90-ға жуық өтініш түскен. Хабарламалардың едәуір бөлігі Риддерден келген. Адамға қауіп төнген жағдайлар да болды. Риддер маңында аю омартада жұмыс істеп жүрген ер адамға шабуыл жасады. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті.

Жыртқыштардың жүргені туралы хабарлар Алтай мен Серебрянск қалаларынан, Ұлан және Марқакөл аудандарынан, тіпті Өскеменнен де түскен. Соңғы санақ деректері бойынша, Шығыс Қазақстанда 3296 аю мекендейді.

Әйтсе де қыс таяп келеді. Биылғы аю әлегі де сонымен бірге аяқталмақ.

Новые статьи

ШҚО-да патрульдік полицейлер тасжолда қалған жүргізушіге көмектесті

Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыптылар көліктің дөңгелегі зақымданғандықтан, бірнеше сағат бойы сапарын жалғастыра алмады. Оларға патрульдік полиция экипажы көмектесті. Өскемен – Самар автожолының 27-шақырымында полицейлер жол жиегінде...

В ВКО патруль полицейских помог водителю на трассе

В Восточном Казахстане супруги несколько часов не могли продолжить поездку из-за повреждённого колеса. Помощь оказал патрульный экипаж. На 27-м километре автодороги Усть-Каменогорск – Самар полицейские...

Астана принимает VIII форум NEW SILK WAY

В Астане открылся VIII международный бизнес-форум «NEW SILK WAY», объединивший представителей 39 зарубежных стран и Казахстана. В церемонии открытия принял участие Премьер-министр РК Олжас...

Казахстан предложил странам ОЭС согласованно развивать транспортные коридоры

Предложения Казахстана по развитию международных транспортных коридоров и цифровых систем учли при подготовке проектов документов Организации экономического сотрудничества (ОЭС). В Астане представители стран организации...