ШҚО әкімі «Уба» шипажайында демалушыларға жасалған жағдаймен танысты

Емдік ванналар, массаж, таза ауадағы серуен. Шемонаиха ауданындағы «Уба» шипажайында Шығыс Қазақстан тұрғындары 12 күндік сауықтыру курсынан тегін өте алады. Жыл басынан бері осындай мүмкіндікті зейнет жасындағы 2 900 адам пайдаланды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов шипажайға барып, емшара кабинеттерін аралап, демалушыларға жасалған жағдаймен танысты.

«Қарт адам үшін мұнда өзін жайлы сезінуі, мұқият тыңдап, көмектесіп, тағайындалған емшараларды түсіндіріп бергені маңызды. Осындай күнделікті қарым-қатынастың өзі адамдарға деген қамқорлықтан құралады. Тегін жолдама толыққанды демалып, денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беруі керек», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

«Уба» шипажайында емдік және сауықтыру бағытындағы 30-ға жуық процедура түрі ұсынылады. Олардың қатарында балшықпен емдеу, минералды ванналар қабылдау арқылы сумен емдеу, физиотерапия, ингаляция, массаж, парафинмен емдеу және емдік дене шынықтыру бар.

Шипажайдың негізгі емдеу бағыттары буындар мен омыртқа ауруларына, тыныс алу ағзаларының сырқаттарына, жарақаттан кейінгі оңалтуға бағытталған.
Демалушылар күннің бір бөлігін емшараларға арнаса, қалған уақытын таза ауада серуендеуге пайдалана алады.

Шипажай аумағында серуендеуге арналған арнайы орындар мен денсаулықты нығайтуға бағытталған жаяу жүру бағыты — терренкур жабдықталған. Шипажай бір мезетте 250 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысының ардагерлері және Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар да сауықтыру курсынан өтеді.

2025 жылы «Убада» 4 мыңға жуық адам демалып, ем қабылдаған. «Уба» шипажайының тарихы 1973 жылдан басталады. Қайта жаңғыртудан кейін шипажай 2002 жылы қайта ашылып, он жылдан соң екінші корпусы пайдалануға берілді. Бүгінде ол шығысқазақстандықтарды қабылдауын жалғастырып келеді. Мұнда өткізілген уақыт тұрғындарға өз денсаулығына көңіл бөліп, тынығып, күш жинауға мүмкіндік береді.

Новые статьи

ШҚО-ға тұмауға қарсы вакцинаның 52 мыңнан астам дозасы жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы екпе алу науқаны жалғасып жатыр. Өңірге вакцинаның 52 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Ал облыстық бюджет есебінен барлығы «Гриппол» вакцинасының...

В ВКО поступило более 52 тысяч доз вакцины против гриппа

В Восточно-Казахстанской области продолжается прививочная кампания против гриппа. В регион уже доставили более 52 тысяч доз вакцины, а всего за счёт областного бюджета закуплено...

Жаңа әуежай қанша жолаушы қабылдай алады және Шығыс Қазақстанға қандай мүмкіндік береді?

  Шығыс Қазақстан жаңа әуежайдың ашылуына дайындалып жатыр. Катонқарағай ауданында құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған әуежай көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, туризмді...

На модернизацию коммунальных сетей Казахстана направят 1,1 трлн тенге

В Казахстане намерены расширить круг банков, которые кредитуют проекты по обновлению коммунальной инфраструктуры. Заместитель премьер-министра Канат Бозумбаев поручил подготовить предложения по упрощению доступа коммунальных...