Полиция қызметкерлері Өскемен-Алматы тасжолындағы қауіпті учаскелерде қалған көліктерді алып жүрді. Жалпы саны 200-ге жуық автокөлік қауіпсіз жерге жеткізілді.
— Қозғалыс барлық сақтық шараларын сақтай отырып, патрульдік экипаждардың бақылауымен ұйымдасқан колонналармен жүргізілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда. Қосымша жасақтар жұмылдырылып, төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл орнатылған, — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен.
Осы ретте, полицейлер жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, жылдамдық режимін сақтауға және мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуға шақырды.
