back to top

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлделері үшін өтетін турнир.

14 ақпанда Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында Олимпиада чемпионының жүлделеріне арналған жеңіл атлетикадан XI халықаралық турнир өтеді. Жарыстың басталуы — сағат 16:30. Кіру тегін. Турнирдің бас демеушісі – «Қазцинк» ЖШС.

Турнирге 13 елден 150-ден астам спортшы қатысады. Бағдарламаға жүгіру, кедергілермен жүгіру, сырықпен секіру, үш қарғып секіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру және эстафета кіреді.

Жарысқа ұлттық құрамалардың жетекші спортшылары, Азия чемпиондары, әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, сондай-ақ жас және жасөспірім спортшылар қатысады.

Турнир бағдарламасы:
• 60 м, 400 м, 800 м, 3000 м жүгіру
• 60 м кедергілермен жүгіру
• Үш қарғып секіру
• Сырықпен секіру
• Ұзындыққа секіру
• Ядро лақтыру
• Аралас эстафета 4×200 м

Еліміз үшін маңызды бұл спорттық шараға баршаңызды келіп, өз спортшыларымызды қолдауға шақырамыз!

Новые статьи

Полицейские ВКО сопровождают водителей, застрявших на трассах из-за гололёда

В связи с резким ухудшением погодных условий на территории области — усилением ветра, образованием гололёда и снижением видимости — на автомобильных дорогах республиканского значения...

В Усть-Каменогорске мужчина нападал на прохожих

Сразу несколько случаев нападения на горожан произошло в районе КШТ. Неизвестный бил прохожих по голове и скрывался с места происшествия. Очевидцы описывают молодого человека как...

Шығыс Қазақстанда қайтадан аяз түседі

Алдағы күндері өңірде күн күрт суытады. Ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мәлім етті. Өскеменде алдағы түнде ауа температурасы -17-19°C болып, қар жауады. 12...

ШҚО-да 4 қар барысы фототұзақ объективіне ілінді

Бұл туралы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері хабарлады. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан. Кадрлардан көрінгендей, қар барысы үш аланымен бірге келе жатыр. - Бұл өте...