Алдағы күндері өңірде күн күрт суытады. Ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы мәлім етті.
Өскеменде алдағы түнде ауа температурасы -17-19°C болып, қар жауады. 12 ақпанда сәл жылынып, -12-14 градусты көрсетеді. 13 ақпанға қараған түнде -25-27°C дейін аяз түседі.
Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша алдағы түнде -17-22°C, облыстың оңтүстігінде -14°C болады. Солтүстік пен шығыс аумақтарда қар жауып, боран соғады деп күтілуде.
12 ақпан күні ауа температурасы 15-20°C аралығында құбылады. 13 ақпанға қараған түнде -25-30°C, облыстың оңтүстігінде -22°C, солтүстік пен шығыста -33°C болады.
