ШҚО әкімі Германиядан келген делегациямен ынтымақтастықты кеңейту жайын талқылады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Киннемен және неміс компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар экономикалық әріптестік, инвестициялық жобалар және инновациялық бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

— Германия облысымыздың маңызды технологиялық және экономикалық серіктесі. Қыркүйек айында аймаққа Германия Елшісінің сапары екіжақты диалогты күшейте түсті. Өңір экономикасының негізгі бағыты — металлургия. ШҚО-да 70-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен туризм салалары да қарқынды дамып келеді, — деді аймақ басшысы.

Кездесу барысында әкім неміс кәсіпкерлерін облыс аумағында түрлі жобаларды қолға алуға шақырды. Олар да өз қызығушылықтарын білдірді. Осылайша кездесу екіжақты серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 39,5 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...