ШҚО-да жасанды интеллект медицина саласында белсенді қолданылып келеді

Шығыс Қазақстан облысында халықтың өмір сапасын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға және түрлі салаларда жұмыс қарқынын күшейтуге бағытталған кешенді цифрлық жобалар қолға алынып жатыр. Оның ішінде жасанды интеллект технологияларының рөлі зор.
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметінше, медицина саласында өңірдің барлық тұрғындары электронды денсаулық паспорттарымен қамтылған. PACS жүйесі жасанды интеллект элементтерін пайдаланып, медициналық суреттерді өңдейді және өкпе мен сүт безі қатерлі ісігін қоса алғанда, түрлі патологияларды автоматты түрде анықтайды. Бұл дәрігерлердің диагноз қою дәлдігін арттырып, медициналық қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Жасанды интеллект бейнебақылау деректерін талдауда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де қолданылады. Сонымен қатар қоғамдық көліктің жұмысын оңтайландыру мақсатында автоматтандырылған диспетчерлік жүйелер енгізіліп жатыр.
Айта кетейік, жалпы Шығыс Қазақстандағы Өскемен, Риддер және Алтай қалаларында барлығы 5 839 бейнебақылау камерасы орнатылған. Қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қосымша 243 «Мерген» автоматтандырылған кешені жұмыс істеп тұр.

Новые статьи

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....

В школе Алтая открыли класс «Жас сақшы» имени погибшего полицейского

В средней школе № 9 города Алтай открылся полицейский класс «Жас сақшы» имени старшего лейтенанта Александра Сидорова, погибшего при исполнении служебного долга. В преддверии...