Өскеменде полицейлер көлік дөңгелегін қыстыққа ауыстырмағандар жауапқа тартылатынын ескертті

Ауа райының күрт бұзылуына, нақты айтқанда, температураның төмендеуі мен қардың көп жаууына байланысты ШҚО Полиция департаменті халықтан көліктерінің техникалық жағдайына және олардың қыс мезгіліне дайындығына ерекше назар аударуды сұрады.

— Елді мекендерден тыс жерлерге шыққанда жылдамдық режимін, басып озу және қарсы бағытқа шығу ережелерін қатаң сақтаңыздар. 1 желтоқсаннан бастап маусымдық шиналарды уақытылы ауыстырмаған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өзіңіздің және өзгенің өмірі мен қауіпсіздігінің кепілі, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 5 қарашада Өскеменде алғашқы қар жауды. Көлік жүргізушілерінің көбі дөңгелектерін қыстыққа айырбастап үлгермегендіктен және көліктер арасындағы арақашықтықты сақтамаудың салдарынан бір күнде талай жол апаты болды. Негізінен Өскеменде бір күнде орташа есеппен 10, ары кетсе 15 жол апаты болатын. Ал қар жауған соң бір күнде 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Новые статьи

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...