ШҚО әкімі ақын Серік Қуанғанды қабылдады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ақын Серік Қуанғанды қабылдады. Ол жуырда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді. Сондай-ақ шебер айтысып, жұрттың көңілін сүйсінткені үшін «Айтыс ақтаңгері» медалімен марапатталды.

«Кілең сайдың тасындай іріктелген ақындардың республикалық айтысында өңір атынан өнер көрсетіп, жүлделі орын иеленуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! «Айтыс ақтаңгері» атануыңыз — талантыңызға берілген лайықты баға. Өскеменде өзіңіз ашқан айтыскерлер мектебінен мықты түлектер шығады деп сенемін. Ұстазынан оза шабатын шәкірттеріңіз көп болсын!», — деді облыс әкімі.

Серік Қуанған өз сөзінде айтыс кезінде шығысқазақстандық жайкүйерлердің үкілеген үмітін, демеуін шын сезінгенін айтып, әркез қолдау білдіріп келе жатқан облыс басшылығына алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Айтыс ақтаңгері» атағы ел бойынша 9 ақынға берілсе, оның екеуі Шығыс Қазақстанның ақыны. Алдағы уақытта Серік Қуанғанға өңір тұрғындарының атынан автокөлік табыс етілмек.

Новые статьи

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...

В Усть-Каменогорске водитель протаранил припаркованную машину и ограждения

Серия столкновений произошла на улице Островского. Очевидцы сняли на видео, как автомобиль врезался в припаркованную машину, столб и ограждения. После этого водителю помогли выбраться...